27
Сенбі,
Маусым

һижри

Кімде-кім бұрынғылар мен кейінгілердің іліміне жетуді қаласа…

Кімде-кім бұрынғылар мен кейінгілердің іліміне жетуді қаласа…

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ибн Масғуд: «Кімде-кім бұрынғылар мен кейінгілердің іліміне жетуді қаласа, Құран оқысын (зерттесін)», - деген.

Құран Кәрім - ілімнің теңізі. Алла Тағала ақиқат мен даналыққа толтыра түсірген. оны елшісіне Пайғамбарымыздың көкесінің ұлы әрі күйеу баласы, мұсылмандардың әміршісі Әли (р.а.): «Егер мен Фатиха сүресі туралы сөз қозғар болсам, жетпіс сөйлемге толтырар едім», - деген.

Осыдан кейін-ақ Пайғамбарымыздың Құран жайлы ілімі туралы ойымыз қандай болуы керек!? Иә, шын мәнінде, пайғамбарымыз Мұхаммедтің ілімін мұра етіп алғандар мен ғұламалардың білгені оның білім мұхитының тамшылары, нұрларының шоғы және құпияларының сәулелері ғана...»

Ғалымдар мен білімдар адамдар Қасиетті Құраннан алынатын ілімдер туралы зерттеу жүргізгенімен, оның түп-тамырын толық қамтып бітпеді. Әрқайсысы өз білімі мен өзіне берілген түсіну дәрежесіне қарай сөз қозғады. Алайда, теңіздей терең Құран мағыналары мен оның сырлары шексіз. «Әл-Итқан» еңбегінде және басқа да деректерде қазы Әбу Бәкір ибн әл-Арабидің «Қанун әт-тәуил» кітабында былай дегені жеткізілген: «Құран ілімдері – елу ғылым, әрі төрт жүз ғылым, әрі жеті мың ғылым, әрі жетпіс мың ғылым», - деп тармақталады.

Бұл - Құран сөздерінің өзара байланысы мен құрылымын есептемегенде, сөздерінің санына қарай есептелген. Өйткені әрбір сөздің сыртқы және ішкі мағынасы, шеті және бастауы бар. Мұның шегіне жетіп, санау мүмкін емес әрі оны Алла Тағала ғана біледі. Ар-Рағиб ғалым былай деді: «Алла Тағала өзге пайғамбарлардың пайғамбарлығын Мұхаммедтің елшілігімен мөр етіп, олардың шариғаттарын оған түсірілген шариғатпен үкімдерін жойып, кемелдендірілген түрде бекіткеніндей, оған түсірілген Кітабын да бұрынғы кітаптардың жемісін қамтитын толық әрі кемел етіп түсірді».

материал «Пайғамбардың (с.ғ.с) IQ-ы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: