29
Жұма,
Наурыз

һижри

Пайғамбарымыз ﷺұстаздық еткен алғашқы үй

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ол кезде мұсылмандарға өздерінің исламда болғандарын сөзімен де ісімен де көрсетуге тыйым салынған кез болатын. Мұсылмандар өздеріне пана болар жер іздеп, алғашқы мұслмандардың қатарында болған Әрқамның үйін таңдады.

Қарт тарихқа терең бойласақ, 615 -ші пайғамбарлықтың бесінші жылы[1] Алла елшісі өзі бас болып, Әрқам ибн әби Әрқамның үйінде ислам тағылымын сахабаларына үйреткендігіне куә боламыз. Хазіреті Мұхаммед алғашқы ұстаз болса оған иман келтіргендер алғашқы тәлімгер тағлымын алған бақытты шәкірттер еді.

Осыдан кейін «Дарул Әрқам» (Әрқамның үйі)  Пайғамабарымыз ұстаздық еткен тұңғыш медресе, білім ордасы ретін тарихта алтын әріптермен жазылды.

Бұл үй әкеден балаға сатылмайтын мирас болып, бұл күнде Мекке қаласында «Дарул Хайзуран» атты діни медресеге берілген[2].

Ummet.kz

 



[1] «Ар-Рақиқул Махтум» Софи ар-Рахман.

[2] «Адамзаттың асыл тәжі» Д.Өмірзаққызы.

Бөлісу: