Ғалымдарың айтуынша Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тегі Аднаннан бастау алады. Аднан – Исмаил пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) ұрпағы. («Мухаммад», Мухаммад Риза) Ал Аднан, өз кезегінде, Хижәз (Сауд Арабиясы) арабтарының ата-бабасы болады. («Әл-Бидая уән-ниһайа»)
Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өзінің шығу тегіне қатысты былай деген болатын: «Шын мәнінде Аллаһ Тағала Ибраһимнің (ғаләйһис-саләм) ұрпағынан – Исмаилді (ғаләйһис-саләм), Исмаилдің (ғаләйһис-саләм) ұрпағынан – Кинана ұрпағын, Кинана ұрпағынан – Қурайш тайпасын, Қурайш тайпасынан – Хашим ұрпағын, ал Хашим ұрпағының ішінен – мені таңдады». («Сунәнут-Тирмизи», 3684)
Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) толық есімі: Мухаммад ибн Абдуллаһ ибн Абдул-Мутталиб ибн Хашим ибн Абул-Манаф.
Абдуссамад МАХАТ,
«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы