29
Жұма,
Наурыз

һижри

Алғашқы жүректің жарылу оқиғасы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла тағала иләһи сырларды игере алатындай хәлге келу үшін Пағамбарымызды (с.ғ.с.) көкірегін бірнеше рет ашып, ішін тазалап, рухани тыныштық, мейірімділік, жанашырлық, иман және хикмет секілді қасиеттермен толтырды. Бұл оқиғалардың алғашқысы Пайғамбарымыз сүт анасының қасында болған кезде іске асқан еді. Бұл оқиғаны әлемдердің Сұлтаны өз аузымен түсіндірген.

Бір күні Алла Елшісінен (с.ғ.с.)

Пайғамбарлығыңыздың алғашқы белгісі не еді? деп. Сұраған болатын. Сонда Алла Расулы (с.ғ.с.) былай деді:

«Менің сүт анам Сағд бин Бәкр әулетінен еді. Мен сүт бауырым екеуміз малдарды айдап кеткен едік. Өзімізбен бірге ешқандай азық та алмаған едік. Сүт бауырыма:

Бауырым, апама барып біраз жейтін нәрсе алып келші, - дедім. Мен болсам малмен бірге қалдым. Көп уақыт өтпей-ақ киімді екі періште келді. Біреуі екіншісінен: Мынау сол ма, - деп сұрады. Сонда ол:

Иә, - деді.

Дереу қасыма келді де мені шалқамнан жатқызып, қарнымды жарды. Сосын жүрегімді алып оны жарды да ішінен қап-қара екі ұйыған қанды алып тастады.

Сосын біреуі екіншісіне:

Бар, маған қар суын алып кел, - деді.

Онымен ішімді жуды. Сонан соң тағы да: Бар, енді бұршақ суын алып кел, - деді. Алып келіп, онымен жүрегімді жуды. Сосын:

Енді тыныштықты алып кел, - деді.

Оны жүрегңме орнықтырды.

Кейін біреуі екіншісіне:

Болды жаба бер, сосын оған пайғамбарлық мөрін бас, - деді.

Ол періште жүрегімді жауып, пайғамбарлық мөрін басты. Сонан соң екеуі кетіп қалды екеуі кетіп қалды. Мен шынында қатты қорыққан едім.  Сосын дереу үйге қайтып, басымнан өткендердің барлығын сүт анама айтып бердім... (Ахмед IV, 184-185; Ибн Кәсир, Әл-Бидая II, 280; Хәйсәми VII, 222)

Кейбір әдебиеттерде бұл оқиға әлемдердің Сұлтаны төрт жас кезінде болған дейді.

Мен Алла Елшісінің көкірегіндегі ол жара ізін үнемі көретінмін, - деген болатын. (Муслим, Иман 261). Ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с.) көкірегінің жарылуының хикметтері мыналар:

Алла тағала осылайша Расулінің мәртебесі мен жағдайын адамдарға білдірген және оны бала кезінен бастап уахи үшін дайындаған. Рухани тазалау әрекеті болып саналатын «жүректің жарылуы» оқиғасының адамдар қарай алатындай түрде іске асуы, оның пайғамбарлығына иман келтіріп оны растауға негізделген. Шынында да осы секілді таңғажайып жағдайлар адамдардың оған иман келтіруіне себеп болған.

Бөлісу: