12
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Тәфәккүр (ойлау) – Пайғамбардың (с.ғ.с) алғашқы амалы

Тәфәккүр (ойлау) – Пайғамбардың (с.ғ.с) алғашқы амалы

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Әулиелерге жақын болуға тырысыңдар. Өйткені, Алланың әулиесін сүйген адам – Алланы сүйген, оған дұшпандық жасаған адам – Аллаға дұшпандық жасаған болады.

Зікірді жалғастырыңдар. Өйткені, зікір – Аллаға қауышу үшін бір магнит, Аллаға жақындау үшін мықты бір жіп. Алланы үнемі зікір еткендер – Алламен тату болып, Оған қауышқан жандар. Зікірдің жүректе орнығуы сұхбаттың берекетімен болады. Өйткені, адам досының жолымен жүреді.

Тәфәккүр (ойлау) – Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алғашқы амалы. Өйткені, барлық парыз құлшылықтардан бұрын Оның ғибадаты – Алланың мақлұқтарын және Ол берген нығметтерді ойлаудан тұратын еді. Олай болса, сендер де тәфәккүрге жабысып, ғибрат алуға дәнекер етіңдер. 

Абайлаңдар! Елек сияқты, ұнның ұсағын төгіп, қыпығын өздеріңе қалдырмаңдар. Аузыңыздан хикмет төгілген кезде жүректеріңде қулық және бұзақылық болып жүрмесін. Әйтпесе, «Адамдарға жақсылықты бұйырып, өздеріңді ұмытып кетесіңдер ме?» - ("Бақара" сүресі, 44-аят) деген аят бойынша жазаға тартыласыңдар.

Жүректеріңді тазартыңдар, өйткені жүрек тазалығы сыртқы тазалықтан да маңызды. Алла Тағаланың киімге емес, жүрекке қарайтыны белгілі. Шариғаттың шегінен шықпай, Алладан басқаға ауытқып, басқаны іздемеңдер.

Мырзалар! Кішіпейілділікпен, байыптылықпен есік қаққан адамға есік ашылады. Ішке қабылданады. Ішке бас иіп кірген адам құрметпен күтіледі.

 

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: