Əрбір некенің өзіндік берекесі бар. Əсіресе бұл неке Алла елшісі (с.ғ.с) ең жақсы көретін екі адамның некесі болса, онда сауабы да, марапаты да көп болмақ.
Пайғамбардың күйеу баласы мен Пайғамбар қызының тұрмысы өте қарапайым болды.
Əзірет Али сауыттың ақшасын Алла елшісіне береді. Пайғамбарымыз оны сахабаларға табыстап, базардан қыздың жасауын алуды тапсырады. Əртүрлі дерек көздері (əсіресе, ибн Сағд) бойынша, Фатима (р.а) анамыздың жасауы мынадай заттардан құралған:
1. Құны жеті дирһам тұратын көйлек.
2. Төрт дирһамдық орамал.
3. Хайбар олжасынан түскен қара барқыт мата.
4. Жіппен байланып жасалған диван іспетті зат.
5. Мысыр матасынан жасалған екі төсек, оның бірінің іші талшықпен, екіншісінің іші жүнмен толтырылған.
6. Іші изһир атты өсімдікпен (əртүрлі хош иіс шығатын өсімдік) толтырылып, Тайфтық теріден жасалған төрт жастық.
7. Жүннен жасалған тыс.
8. Тоқыма киім.
9. Бір қол диірмені.
10. Теріден жасалған су құятын ыдыс.
11. Киім жуатын ыдыс.
12. Сүт құятын ыдыс.
13. Шелек.
14. Су өтпесін деп қара маймен сыланған ыдыс.
15. Жасыл ыдыс.
16. Қыштан жасалған кесе.
17. Теріден жасалған көпшік.
18. Мата.
19. Су құятын ыдыс...
Жасауды алуға міндеттелген сахабалар былай деген: «Бұл заттардың барлығын Алла елшісінің алдына апарып қойдық. Жасауды көрген Расулалланың көзі жасаурады. Содан соң жүзін көкке қаратып тұрып: «Алла Тағалам! Басым бөлігі қыштан құралған бұл заттарға берекет бере көр!» – деді». (Əл-Мəнақиб, Ибн Шаһрашуб, 3/353; Кашфул-Умма, 1/359).
материал «Фатима анамыздың өмірі (р.а)» кітабынан алынды,
ummet.kz