25
Бейсенбі,
Маусым

һижри

«Алла елшісі мені сенен де артық жақсы көреді…»

«Алла елшісі мені сенен де артық жақсы көреді…»

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с) əзірет Али (р.а) мен Фатиманың (р.а) үйіне барады. Ішке кірсе, екеуі күліп отыр екен.

Алла елшісінің келгенін көріп, екеуі де үндемей қалады. Алла елшісі (с.ғ.с) оларға:

‒ Күліп отыр едіңдер, неге үндемей қалдыңдар? – деп сұрайды.

Əзірет Фатима:

‒ Уа, Расулалла! Али маған: «Алла елшісі мені сенен де артық жақсы көреді», – деді. Ал мен оған: «Жоқ, мені жақсы көреді», – дедім», – дейді. Алла елшісі (с.ғ.с) күлімсіреп:

‒ Қызым! Сені балам болған соң одан да қатты жақсы көремін. Бірақ Алидің (р.а) мен үшін қадірі сенен де артық, – дейді. Əзірет Алидің (р.а) ізгілігі туралы əзірет Фатиманың (р.а) өзі былай деген: «Бір күні Расулаллаға бардым. Сəлем беріп, жағдайын сұраған соң: «Əкешім! Алидің үйінде бір түйір бидай жоқ. Бес күннен бері еш нəрсе жемеді. Малымыз да, тамағымыз да жоқ», – дедім.

Алла елшісі (с.ғ.с) өзіне жақындап, қолымды өзінің қарнына тигізуімді сұрады. Айтқанын істеген кезде, асқазанына бір тасты байлап алғанын көріп, қатты қынжылдым. Ол: «Қызым! Менің үйімде де бір айдан бері тамақ піскен жоқ. Алидің мақамы мен дəрежесін білесің бе? Он екі жасында қасымда қызмет етті. Он алты жасында мені қорғау үшін қылыш сермеді. Он тоғызында жігіттерді жерге алып ұратын. Жиырма жасында мені қайғымнан арылтатын. Жиырмадан асқанда, Хайбар қамалының есігін жұлып алды, оған елу адам төтеп бере алмайтын». Əкесінің сөзінен соң əзірет Фатиманың (р.а) жүзі нұрланып сала берді. Оның қуанышты жүзінен үйі нұрланғандай болды.

Əзірет Али (р.а): «Уа, пайғамбар қызы! Кеткен кезіңде мұндай емес едің. Не болды, нендей қуанышқа кенеліп қайттың?» – дейді. Əзірет Фатима (р.а): «Алла елшісі сенің ізгіліктеріңді айтты, қуанғанымнан орнымда тұра алмадым», – деп жауап береді  (Тауфиқ Əбу Илм, «Хазрети Фатима», 72-бет).

 

материал «Фатима анамыздың өмірі (р.а)» кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: