19
Жұма,
Сәуір

һижри

Адам ғ.с. кім болған?

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Адам ғ.с. – адамзаттың атасы.

Хақ Тағала Адамды ғ.с. жаратып, періштелерге оған иіліп сәлем бергізген. Сонымен қатар Жаратушы Иенің қалауымен Адам ғ.с. көптеген нәрсенің қалай аталатынын білген.

Адамның ғ.с. зайыбы болып, ол екеуі жәннатты мекен еткен.

Аллаһ Тағала белгілі бір талға жақындамауды бұйырғаннан соң, лағнеті шайтан Адам ғ.с. мен оның зайыбын әзәзіл етіп, тыйым салынған жемісті жегіздіреді. Нәтижесінде, Адам ғ.с. және оның зайыбы жәннаттан шығарылып, жерді тіршілік мекені етеді. 

Адам ғ.с. – Хақ Тағаланың жер бетіндегі халифасы. Сонымен қатар Адам ғ.с. адамзатқа жіберілген бірінші пайғамбар.

Бөлісу: