27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Адамға рухтың үрленуі

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

 Сонан соң Алла тағала Адамға рух үрледі. Бұл туралы Құранда:

«Оның жаратылысын тамамдап, рухымнан үрлеген (жан салған) сәтте оған сендер (яғни періштелер) сәжде етіңдер!»1-делінген.

Сонымен қатар «Әлі Имран» сүресінде де «Ақиқатында, Алланың қасында Исаның мысалы (Алла) оны топырақтан жаратып, «бол» дегенде болған Адамның мысалындай»2 деген аят келген.

Әнәс ибн Мәлик (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) «Оған Алла тағала рух үрлеген кезде, жан алдымен оның басынан кірді. Сонда ол түшкірді де: «Әлхамду лилләһ», - деді. Сонда Алла тағала оған: «Саған Раббыңның мейірі жаусын», - деді», - деп айтқанын жеткізген3.

Осылайша, Адамға рух толығымен енбей жатып, Алла тағаланың мейірімі түскен. Рух көзіне жеткенде, ол жұмақтың жемістеріне қарап, олар туралы ойлана бастады. Ал рух қарнына жеткенде, онық тамақ жегісі келді және аяғына жан бітпей жатып, ол тағамға қарай ұмтылды, жұмақтың жемістеріне асықты. Алла тағаланың «Адамзат асыққыш болып жаратылды»4 деуінің мәні – осы.

1 «Хижр» сүресі, 29-аят.

2 «Әлі Имран» сүресі, 59-аят.

3 Хадисті Ибн Хиббан риуаят еткен.

4 «Әнбия» сүресі, 37-аят.

«Пайғамбарлар қиссасы» кітабынан

Бөлісу: