23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ибраһимнің (а.с.) қонағы

Ибраһимнің (а.с.) қонағы

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Отқа табынушы бір кісі Ибраһимге (а.с.) қонақ болуды қалайды. Ибраһим пайғамбар оған, егер де исламды қабылдайтын болса ғана қонақ қылатынын айтады. Отқа табынушы бұл шартқа келіспей, ренжіп кетіп қалады.

Алла Тағала Ибраһим (а.с.) пайғамбарға: «Ей, Ибраһим! Бір құлым дінін өзгертпейді екен деп неге оны қонақ етпедің? Алайда, 70 жыл бойы ол мені танымаса да оған ризығын үзбей беріп келемін. Бір түн оны қонақ етсең өзің үшін қайырлы болар еді», - деп уахи етті.

Мұны естіген Ибраһим (а.с.) отқа табынушыны іздестіріп тауып, қонақ қылады. Әлгі отқа табынушы одан: «Көзқарасыңды өзгертуге не себеп болды?» - деп сұрайғанда, Халилулла мән-жайды баяндайды. Таң қалған отқа табынушы: «Шынында Алла Тағала маған осылай қарай ма? (Қандай мейірімді Жаратушы. Өзіне дұшпан болсам да досына мен үшін ескерту жасайды?!) Олай болса, маған исламды үйрет», - деп мұсылман болған екен.

Ummet.kz

Бөлісу: