19
Жұма,
Сәуір

һижри

Сен кімсің?

Сен кімсің?

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Ибраһим пайғамбардың (а.с.) құлшылық жасайтын өзіне тән жеке бөлмесі бар еді.

Бұл мінәжат етіп, Жаратушының құдіретіне мың мәрте шүкір етер жайлы әрі тыныштық салтанат құрған орын болатын. Әлдебір шаруасы болғанда кілттеп кететін. Бір күні ішке кіргенде бөлменің ортасында тұрған бөтен біреуді көреді. Босағасы бекітулі шаңыраққа қалай кірді деген оймен таңырқап: «Сені кім кіргізді?!» - деп сұрайды.

Бейтаныс адам: «Мені осы үйдің иесі кіргізді», - дейді. Ибраһим (а.с.): «Бұл үйдің иесі менмін», - дейді. Әлгі кісі: «Сенен де, менен де бұрынғы осы мекеннің иесі кіргізді», - деп, Жаратушыны меңзейді.

Хазіреті Ибраһим (а.с.) оның Әзірейіл періште екенін біліп: «Әй, Әзірейіл, маған мүмин құлдардың жанын алардағы бейнеңді көрсетші?» - деп өтінді. Әзірейіл: «Онда артыңа бұрыл», - дейді. Ибраһим (а.с.) артына бұрылып, аз уақыттан кейін қайта қарағанда тым келбетті, тартымды, киімі сәнді, хош иісті, жап-жас жігіттің тұрғанын көреді.

Сол кезде хазірет Ибраһим (а.с.): «Мүмин кісіге өлер алдында сені осындай келбетте көрудің өзі жеткілікті марапат қой», - деген екен.

Бөлісу: