27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Кісі айыбын жабу

Кісі айыбын жабу

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Кісі айыбын жабу – біле білгенге Жаратушымыздың бір мінезі. Бұған Мұса пайғамбардың кезінде болған мына бір оқиғаны тілге тиек еткен орынды.

Бірде елді қуаңшылық жайлап Мұса пайғамбар (а.с.) қауымын ертіп, тасаттыққа шығады. Дұға жасап, Алладан жаңбыр тілейді. Бірақ жаңбыр жауа қоймайды. Сонда Мұса пайғамбар (а.с.) қолын жайып: «Я, Алла Тағалам! Сен менен тіле, сонда жаңбыр жаудырамын, қуаңшылықтан құтқарамын деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да дұғамды қабыл қылмауыңның хикметі не?» - деп сұрайды.

Сонда Алла Тағала: «Дұғаңның қабыл болмауы араларыңда күнәсына тәубә етпеген біреу бар, сол тәубәға келмейінше дұғаң қабыл болмайды», - деп жауап қатады. Сонда Мұса пайғамбар: «Онда ол адамның кім екенін білдіре гөр», - дегенде, Алла Тағала: «Менің бір есімім – Саттар яғни пенделерімнің күнәларын жасырып тұрамын. Ешбір құлымның күнәсін әшкерелегенді қаламаймын. Сендер бірің қалмай тегіс тәубәға келіңдер, сонда араларыңдағы кісі де тәубә етеді», - деген екен.

Ummet.kz

Бөлісу: