29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбарымыздың ﷺ Рамазан айындағы дұғасы

Пайғамбарымыздың ﷺ Рамазан айындағы дұғасы

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Уасила ибн әл-Әсқа былай дейді: Суффа сахабаларымен бірге ораза ұстадық. Ауыз ашарда әрқайсымызды сертке (Ақаба немесе Ридуан сертіне) қатысқандар үйлеріне шақырды.

Қонаққа шақырылмай қалған күндеріміз кемде-кем. Бірде бізді ешкім ауызашарға шақырмағаннан кейін, Пайғамбарымызға ﷺ барып, жағдайымызды түсіндірдік. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ әйелдеріне хабар салды. Барлығы Алланың атымен ант етіп, тіске сыздық қылар ештеңе қалмағандығын айтты.

Пайғамбарымыз ﷺ барлығымызды бір араға жинады да: «Раббым! Сенің нығметің мен рақымыңды сұраймыз. Оны беру тек Сенің қолыңда. Сенен басқа ешкім ондай рақым көрсете алмайды», - деп дұға жасады.

Айтып ауыз жиғанша болған жоқ есікті біреу қағып, ішке кіруге рұқсат сұрады. Қолында қуырылған ет пен наны бар біреу келіп кірді. Алдымызға келген астан тойғанымызша жедік. Ас қайырғаннан кейін Пайғамбарымыз ﷺ: «Біз Алланың нығметі мен рақымын сұраған едік. Көріп тұрғандарыңыздай, біздің қазіргі ішіп-жегеніміз Алланың бізге берген несібесі, нығметі. Ал рақымдылығын ақыретте танытады», - деген еді.

Ummet.kz

Бөлісу: