25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қажылықтағы екі сыр

Қажылықтағы екі сыр

Мақалалар
Жарнама

Қажылық - Исламдағы бардам адамдар үшін міндетті болған бес парызды бірі. 

Үлкен қажылық әр жылы - Зұлхижжа айында орындалады.

Осы бір қасиетті құлшылықтың әрбір сәті хикмет пен терең сырға толы. Бүгін оқырмандар назарына төмендегідей екі түрлі істің сырын ұсынбақпыз.

Қағбаны 7 рет айналудың сыры 

Күллі мұсылмандардың ауызбіршілігін, бірлігін сақтауға ұмтылуды білдіретін Қағбаны жеті рет айналу құлшылығы «тауап» деп аталады. Қағбаны жеті рет айналып, тауап жасау – Жаратушыны жалғыз деп танудың белгісі.

Бұл жердегі «7» саны символдық рөл атқарады, себебі жеті қат көк, нәпсінің жеті дәрежесі деген ұғымдар мұсылмандар үшін жат емес. Әрбір айналым нәпсінің жеті түрлі дәрежесін, яғни төменнен жоғарыға қарай ауысуын білдіреді. Ол ауысудың өзіне тән атауы бар: «аммар» нәпсісінен «мутмаинн» нәпсісіне ауысу делінеді.

Алла Тағала қасиетті Құранда:

«Жеті қат аспан мен жер және ондағы күллі жаратылыс атаулы Алланы кемшілік атаулыдан пәктейді әрі ұлықтайды. Оны мадақтамайтын әрі ұлықтамайтын бірде-бір жаратылыс жоқ. Алайда сендер олардың айтқан мадағы мен ұлықтауын түсіне алмайсыңар. Ол өте сабырлы, аса кешірімді», - деген.

Қажылар Мәдинада 8 күн болуының сыры 

Мәдина - Алланың ақырғы Елшісі ғалайһиссәләм  өмірінің соңғы  10 жылын Мәдинада өткізген қасиетті қала.

Мәдина қаласын зиярат ету үлкен қажылықтың, сондай-ақ кіші қажылықтың да шарты болып табылмайды. Алайда, сонау ұзақ жерден келетін қажылар әз елшінің ﷺ табаны тиген, өмір сүрген жерлерде болуға құлшыныс танытады.

Сонымен қатар, пайғамбар мешітінде оқылған намаздың сауабының да үлкендігін айтa кеткен жөн. Қажылардың Мәдина қаласында 8 күн болуының да мәні осы жерде жатыр.

Алла Елшісі ﷺ:

«Кім менің мешітімде бір парыз намазын өткізбеген түрде қырық намаз оқыса, оттан аман қалуы, азаптан құтылуы жазылып, екіжүзділіктен арылған болады», - деген.

Ummet.kz

Бөлісу: