19
Жұма,
Сәуір

һижри

Пайғамбардан (с.ғ.с.) қалған мирас

Пайғамбардан (с.ғ.с.) қалған мирас

Мақалалар
Жарнама

Рухани келісім – бүгінгі таңдағы мәдениеттер мен өркениеттер үн қатысуларын кеңейтіп, әлем жұртшылығының руханиятын байытуға, этностар мен конфессияаралық қатынастарды нығайтуға бастайтын маңызды қадам. Абай атамыз айтатын «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейтін аса биік рухани өлшемінің бір көрінісі іспетті рухани құндылық.  

Дін Ислам татулық пен мейірімділікті, қайырымдылық пен ізгілікті қуаттай отырып, басқа дін өкілдеріне де құрметпен қарауға, мейірімділік танытып, ізгілік жасауға насихаттайды.

Алла Тағала «Ниса» сүресі, 36-аятында: «Аллаға ғана құлшылық етіңдер. Оған еш нәрсені серік қоспаңдар. Әрі ата-анаға, жақын туыстарға, жетімдерге, міскіндерге, туыс көршіге және бөгде көршіге жақсылық жасаңдар», - дейді. Осы аятта айтылғандай көршіге жақсылық жасау көрші отбасылар ғана емес, көршілес елдер және рухани көршілеріміз болған басқа дін, өзге конфеция өкілдерімен де тату-тәтті берекелі болуды меңзесе керек.

Қасиетті Құранның «Әл-Имран сүресі 159-аятында:
فَبِمَا رَحْمَةٍ مِّنَ اللَّهِ لِنتَ لَهُمْ ۖ وَلَوْ كُنتَ فَظًّا غَلِيظَ الْقَلْبِ لَانفَضُّوا مِنْ حَوْلِكَ

«(Ей, Мұхаммад!) Өзіңе Алла берген мейірімге орай сен де адамдарға сыпайы, жұмсақ қарым-қатынас көрсеттің. Егер сен дөрекі, жүрегін қатыгез болғанда, олар сенің маңыңнан безіп кеткен болар еді», десе «Әмбия» сүресінің 107-аятында Алла Елшісінің пайғамбарлық миссиясының үлкен сипаты жайлы былай баяндалады:

وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ

«Біз сені ғаламға тек қана рақым етіп жібердік». Демек, бұл әрбір мұсылман үшін күллі адам баласына мейірімділік танытуы, алаламауы, ізгіліктен мақұрым қалдырмауы, қатыгезідік танытпауы керектігін меңзейді. Ал, бірде әлдекімдер Расулулладан (с.ғ.с.) өзге дін өкілдеріне қарғыс айтуын сұрағанда:

إِنِّي لَمْ أُبْعَثْ لَعَّانًا، وَإِنَّمَا بُعِثْتُ رَحْمَةً

«Мен азап үшін емес, рақым үшін жіберілдім», - дейді (Муслим, Бирр 24). Демек, адамдарды (адамзатты) саяси, әлеуметтік статусына, экономикалық деңгейіне, діни сенімі, этникалық талғамы, тағы басқа да факторларға қарамастан оларға мейірімділік танытып, атаның ғана баласы емес адамның баласы болу – Алла Елшісінен (с.ғ.с.) мирасқа қалған ізгі құндылық болып табылады екен.

Бабаларымыз бұл асыл қасиетті ежелден ұстанып, ар мен ұятты жоғары бағалаған. Сол себепті де бүгінгі таңда еліміз басқа да ұлттар мен ұлыстардың, мәдениеттер мен конфециялардың өкілдерін еркін өмір сүруіне жағдай жасап отыр. Мемлекет құраушы ұлт ретіндегі қазақ халқының қонақжайлылық, дархандық сияқты сүтпен бітіп, сүйегіне сіңген рухани асыл қасиеттерінің үлесі аз емес.

Халқымыздың болмысына айналған ұлтына, нәсіліне қарамай ізгілік жасау, ешкімнің ала жібін аттамау, әділдік істеу сияқты асыл қасиеттер бабалар қанымен дарып, Құран және хадис құндылықтарынан қуат алып, тіпті де кемелдене түскені анық. Сондықтан да бүгінгі таңда елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі тұрақты түрде өткізіліп отыруы заңды құбылыс.

Жаһандану заманында ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, басқа дін және этнос өкілдеріне құрметпен, түсіністікпен қарайтын адами қасиетімізден көз жазып қалмау, еліміздегі тыныштық пен ынтымақтың іргесін сетінетей отыру  – Ұлы Дала ұрпақтарының асыл міндеті.

Кейбір өркениетті, дамыған деген елдердің өзінен мұндай құндылықты табу қиын. Сондықтан біз үшін бұл атаулы күннің маңызы айырықша.

Нұрлан Рамазанов

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы

Бөлісу: