22
Жұма,
Қараша

һижри

Мәшһүр Жүсіп: Адам қолынан келмейтіндер туралы

Мәшһүр Жүсіп: Адам қолынан келмейтіндер туралы

Мақалалар
Жарнама

Адам баласының білемін деп талаптанып, білмейтін нәрселері болмайды. [Мұ]ны айтқушы Құдай Тағаланың қандайлығын, нешік екенін ешкімнің ойы меңгеріп болмайды. Адам баласы нені үйренем десе де, үйренуге көнеді.

Жалғыз-ақ көнбейтін – зеректік. Құдай Тағаланың өзі зерек қылып жаратпаса, үйренумен зерек болмайды. Бір айырылып [к]еткен топ қайта қосамын дегенге көнбейтін нәрсе. Адамның жастық (иаслық) уақыты, жігітлік күні, байлық кетсе және ғажап емес. Денсаулық кетсе аурудан жазылып, қайта сау болып жүру ғажап емес. Өлген кісіні қайта тірілтуден үміт бар. Ең болмағанда, жалған тірілік болмаса, яки... Үміткер ғой деді. Жігітлік бір өтіп кеткен соң, онан үміткер болмаса керек.

Адамға алыс болғанда, не алыс, өткен өмір алыс. Оның жуықтасуынан үміт жоқ. Адамға жақын (иақын) болғанда, не жақын, ажал жақын. Мұны алыстату қолдан келмейтін жұмыс, түзетуге көнбейтұғын нәрсе. Бұзылғанды, біреудің қиялы бір нәрсеге ауып тұрса, оны түзетемін деу мүмкін емес, лайықты [емес], адам қолынан келмейтін нәрсе. Бір ешкім жолдас қылып... Бір-екі жолдас бар: бірінен-бірін айырып ала алмайды екеуі бір тұрған күнде. Құдай Тағаланың құдіретімен не ажар-көрік береді, бірінен-бірі айырылса, дәнемеге тұрмай қалады. Ол екі жолдас – жан мен тән. Бірінен-бірі айырылса, дәнемеге тұрмай қалады. Екеуі бір тұрғанда, қор болмасын ойлайды. Айырылған күнінде не бола[м] деп ойлайды. Бірінен-бірі көз тайдырмай қарап, тұрған не нәрсе Құдіреттен бас[қа]?! [Тән мен] жан екеуі жұп болып жаратылды: Бірінен – бірі көз [алмаса], өмір екен қаратып тұрған. Жер менен көк, - депті бір Құдай өлмейді...

Материал Мәшһүр Жүсіп шығармаларының көптомдығынан алынды.

Ummet.kz 

Бөлісу: