23
Сенбі,
Қараша

һижри

Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтайын

Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтайын

Мақалалар
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Егер бір мүмін бір отырысқа кіре қалса, ол жерде жүз мұнафық пен бір мүмин отырса, міндетті түрде мүминнің жанына барғанға дейін жақындай береді. Ал бір мұнафық, жүз мүмин және бір мұнафық отырған отырысқа кірсе, ол да сол отырыс тарағанға дейін мұнафықтың жанында отырады» (Байһақи, Китабул-иман).

Бір  риуаятта:  Меккеде  бір  әйел  болатын.  Ол әйелдердің  барлығын  күлдіретін.  Дәл  осы  әйел секілді Мәдина қаласында да бір әйел болатын. Бір кезде Меккелік әйел Мәдина қаласына келіп, Айша анамыздың бөлмесіне кіріп, оны әңгімесімен күлдіреді.

Айша анамыз одан қайда қонақтағанын сұрайды. Ол Айша  анамыздың  досы  Мәдиналық  әйелдің  үйіне келгенін айтады. Сонда Айша анамыз былай дейді:

«Алла тағала және оның елшісі дұрыс айтады. Алла елшісі (с.а.с): «Рухтар түрлі топтардан жинақталған әскерлер» – деген болатын. Олай болса адам ақылы мен түсінігіне және сыртқы келбетіне қарай дос болады. Тіпті, бұл екеуі болмаған жағдайда, яғни ақылы мен түсінігі бір-біріне сай келмесе,  сыртқы  келбеттері  де  ұқсас  болмаса  рухани жақындықпен бір-бірімен дос бола алады. Өйткені, Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бір  хадисінде  «Рухтар  – топталған, жинақталған және түрлі бөліктерден топтастырылған әскерлер. Олар өзара танысып, түсінісе алады. Бір-бірлерімен жақын бола алады. Алайда олардың бір-біріне лайықты болмағандары түсінісе алмайды. Бір-бірін жек көреді», - деген.

Сол үшін қазекем де «Сен маған досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтайын» немесе «Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген екен.

Материал «Үміт сәулесі» кітабынан алынды

Бөлісу: