27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Періштелер қызығып қарайтын басқосу

Періштелер қызығып қарайтын басқосу

Мақалалар
Жарнама

Сүйікті пайғамбарымыз, Алланы жақсы көру туралы, дін туралы әңгімелесіп отырған жерлерге періштелердің де қызығып қарайтынын былай білдірген:

«Алла Тағаланың жер бетінде жүретін періштелері бар. Дін туралы әңгімелесіп отырған бір жамағатты көрген кезде достарын шақырып былай дейді: - Келіңдер іздегеніміз мына жерде екен. Барлығы келіп, мейіріммен оларды қоршап алады. Көптігі соншалық, көкке дейін жетеді. Құлдарының әрбір ісін білуші Алла Тағала олардан сұрайды:

Құлдарым не істеп жатқан еді?

- Олар Саған шүкір, тәсбих айтып, зікір етіп жатқан еді.

Менен не сұрап жатыр?

- Жәннатты сұрап жатыр.

Олар жәннатымды көрген бе?

- Жоқ көрмеген.

Егер көргенде не істейтін еді?

- Жәннатты көргенде одан да көп сұрайтын еді.

Олар неден қашып жатыр?

- Тозақтың отынан.

Тозақтың отын көрген бе?

- Жоқ көрмеген.

Егер көргенде не істейтін еді?

- Егер оны көргенде, одан да қатты қорқатын еді.  Ей періштелерім, сендер куә болыңдар, мен оларды кешірдім.

Періштелер:  Олардың арасындағы біреуі, ілім үйрену немесе ғибадат ниетімен емес, басқа бір мәселемен келген еді, ол да кешіріле ме?  

Алла Тағала былай дейді: - Олар сондай бір жамағат, олармен отырған адам шақи (тозақтық) болмайды, жаһаннамға кірмейді. Бұл сүйіншіге қауышу үшін, бірнеше адам жиналған кезде маңызды діни білімдер туралы сөйлесу керек. Мұндай мүмкіндікті ғанибет деп білу керек.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: