19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Kaspі Red» қызметін пайдалануға бола ма?

«Kaspі Red» қызметін пайдалануға бола ма?

Мақалалар
Жарнама

«Kaspi red» қызметі қарызға ақша беруге көбірек ұқсайды. Осы жөнінен қарағанда, аталған қызметтің шариғатқа келіңкіремейтін тұстарын байқауға болады.

Соның бірі – берілген қарыз ақшаны уақтылы төлемегені үшін тағылатын айыппұл. Мұндай айыппұл шариғатта өсім болып есептелінеді. Мұнда ғалымдар арасында талас жоқ. Бұл жәйында Халықаралық Фиқһ академиясы былай деген: 

«Кредиттік төлем карталарын шығару және оларды қолдануға рұқсат жоқ, егер онда пайыздық өсім алу қарастырылған болса. Тіпті, карта ұстаушы жеңілдік кезеңі ішінде (пеня өсірмей-ауд.) төлеп тастауға ниетті болса да (үкім осы-ауд.)». (Халықаралық Ислам фиқһ академиясы 10 мәжіліс. 2000 ж).

Тағы көзге батар қайшы тарапы, аталмыш клубқа ену - бірінші жылы тегін. Екінші жылдан бастап, таңдаған лимит бойынша бастапқы жарна төленеді. Мысалы, 50 мың теңгелік лимит үшін 5995 тенге жарна (взнос) төлеу шарт. Бұл жерде берілетін қарыз есебінен пайда көрушілік байқалады. Ал қағида бойынша: қарыз беруші берген қарызынан пайда көретін болса, онысы өсім (риба) болмақ.

Ендеше, діни тұрғыдан қарағанда, аса зәру жағдайда болмаса, мысалы, балалардың киіміне, емделуге т.б. осы сияқты зәру кездерде ақша қажет болып, қарызға алатын жер табылмаса мәжбүр болғандықтан жүгінуге рұқсат деуге болады. Алайда жайшылықта (мәжбүр болмаса) аталмыш қызмет түрін пайдаланбаған дұрыс. Өйткені өсім бар.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: