07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Шатастырмаңыз: Баланы тәрбиелеу басқа, қамқорлық таныту басқа

Шатастырмаңыз: Баланы тәрбиелеу басқа, қамқорлық таныту басқа

Мақалалар
Жарнама

Тәрбие мына бес нәрсені қамтиды:

1. Сенім жүйесін қалыптастыру. Бұған ақида, өмірлік қағидалар мен құндылықтар, мақсатмұраттар және өмірді түсіну жатады.

2. Қызығушылықты бағыттау. Бұл адамның ойында не жүретінін, бос уақытын қалай өткізетінін қамтиды.

3. Қабілеттерді дамыту. Бұған әртүрлі машықтар жатады: спорт, өнер, интеллектуал, әлеуметтік, басқарушылық және ғылыми.

4. Қарым-қатынас қағидаларын меңгеру. Кімді дос тұту, кімнен аулақ болу, қарым-қатынасты қалай құру, жөндеу немесе үзу керегін білу.

5. Өнегелі тұлғаларды таңдау. Бұл адамның кімге қарап бой түзейтінін анықтауға көмектеседі. Өнегелі тұлғалармен қарым-қатынасты реттейтін заңдылықтарды түсіндіреді.

Осы бесеуі – тәрбие. Ал бұдан өзге нәрселер қамқорлыққа жатады. Қамқорлықтың бір бөлігін басқа біреуге тапсыруға болады. Тек тәрбиені тапсыруға болмайды. Тәрбие –ата-ананың міндеті. Шынайы тәрбиешілер оларға көмекші бола алады.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: