19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Тарихи құндылықты жаңғыртатын мейрам

Тарихи құндылықты жаңғыртатын мейрам

Мақалалар
Жарнама

Қадірменді ағайын!

Келіп жеткен Құрбан айт алты Алашқа, күллі мұсылман әлеміне құтты болсын!

Құрбан айт - Ұлы Даланың сан ғасырлық дәстүрлі мерекесіне айналған мейрам. Сондықтан да, бұл мереке біздің жұрттың төл тарихында халықтық сипатта аталып өтілетін береке-бірліктің, татулықтың, ақаусыз қоғамның символына айналған. 

Құрметті бауырлар!

Құрбан шалу - тек құлшылық қана емес, қоғамдық мәні бар зор іс. Ағайын туыстың бір дастарханда басын қосып, арқа-жарқа қуанышқа кенелсе, бір жағынан құрбандық еттерін тарату бұл мейрамның әлеуметтік мәнін асыра түседі.

Ардақты азаматтар!

Біз осы бір тарихи құндылықты жаңғырта отырып, айт күндері ұрпақ санасына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруге, ел бірлігі мен қоғамның татулығын насихаттауға тиіс екенбіз. Бұл асыл дініміздің де негізін құрайтын ізгілік істерінен саналады. 

Ендеше, осындай жан-жақты маңызға ие Мәңгілік Елдің дәстүрлі мерекесі құтты болсын! Шалған құрбандарыңыз қабыл болсын. 

Асқар Мұқанов

"Нұр Астана" мешітінің Бас имамы

Бөлісу: