07
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылман күнтізбесі жайында білуіңіз керек 5 дерек

Мұсылман күнтізбесі жайында білуіңіз керек 5 дерек

Мақалалар
Жарнама

Һижри жыл санағы санаулы елдерде ғана қолданылады, дегенмен һижри күнтізбесі барша мұсылмандар үшін маңызын жоғалтқан емес. Өйткені діни мейрамдар мен атаулы күндер осы күнтізбе бойынша тойланады.

Назарларыңызға һижри күнтізбесіне қатысты маңызды деген 5 деректі ұсынамыз:

  1. Һижри күнтізбесін енгізген Омар ибн Хаттаб (р.а.) болатын. Алла Елшісінің (ﷺ) адал досы әрі дегдар сахаба сол кезеңдегі барлық жыл санағы мен күнтізбелердің орнына осы жүйені құп көрген еді. Мұны енгізудегі негізгі мақсат – аумағы кеңейіп кеткен ислам мемлекетінің ішіндегі уақыт есебін бір жүйеге келтіру.
  2. Жыл санақтың басы ретінде қасиетті көш, Пайғамбарымыздың (ﷺ) Мәдинаға көшкен уақыты – хижрет алынды. Мұның мәнісі, хижрет мұсылман жамағатының қалыптасуында, әрі қарай дамуында айрықша орны бар, өте маңызды оқиға болғандығынан еді.  
  3. Һижри жыл санағын ай жыл санағына негізделген деп есептеу қате. Ай жыл санағы астрономиялық есеппен жүргізіледі және онда бір ай жылы 354,37 күннен тұрады, ал һижри жыл санағы Айды нақты сол уақытта бақылау арқылы есептеледі.   
  4. Григориан күнтізбесінде жылына 365 күн болса, һижри санағы бойынша бір жыл 354 күннен тұрады. Бұл дегеніміз, әр 33 жылда қосымша тағы бір жылға есейесіз, яғни һижри жыл санағы бойынша әр 33 жылда григориан күнтізбесінен тағы бір жас артық қосасыз. Демек Һижри күнтізбесі бойынша уақыт тез жылжиды.  
  5. Төрт қасиетті ай. Мұсылман күнтізбесінде 4 айды «қасиетті» немесе «харам айлар» деп атайды, олар: Мұхаррам, Рәджаб, Зүлқағда, Зүлхиджа. Бұл айлардың «харам» аталу себебі ислам дініне дейінгі араб дәстүріне байланысты. Осы 4 айда кісі өлтіруге, соғысуға, тіпті Қағба маңайында жануар өлтіруге де тыйым салынған еді. Ал Ислам дінінде бұл айлардың мәртебесі бекітіле түсті, сол себепті бұл төрт айда жасалған күнәлардың жауапкершілігі де ауырлайды.

Дайындаған: Жұмабекқызы Индира

Бөлісу: