19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Рияшыл адамның амалы

Мақалалар
Жарнама

Рияшылдық сөзінің шариғаттағы ұғымына келсек, рия дегеніміз – Алланың ризалығы үшін атқарылуға тиіс кез келген істер мен құлшылықтарды ел-жұрт көрсін деп істеу.

Осы орайда ғалымдарымыздың рияға байланысты берген анықтамасының кейбіреуіне тоқталсақ:

الرّياء: إظهار العبادة بقصد رؤية النّاس لها، فيحمدوا صاحبها ويثنوا عليه.

«Рия дегеніміз – құлшылықты адамдарға көрсету мақсатымен жария істеу. Олардың оны мақтап-мадақтауын көздеу».

الرياء: أن يعمل المرائي عملا صالحا ولا يريد به وجه الله، ولا يريد به حصول الأجر والثواب... وإنما ليراه الناس، فيظنون به الخير والصلاح، فيكسب ودهم واحترامهم وإعجابهم

«Рия дегеніміз –  кісінің игі істі істеген уақатта Алланың разылығын алу және сауапқа қол жеткізу емес, бар болғаны адамдарға көрсету үшін, адамдарға өзі жайлы жақсы ой қалыптастыру үшін, адамдардың алдында құрметке, абырой-беделге жетуді қалау».

«Бақара» сүресінің 264-аятында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُبْطِلُوا صَدَقَاتِكُم بِالْمَنِّ وَالْأَذَىٰ كَالَّذِي يُنفِقُ مَالَهُ رِئَاءَ النَّاسِ

«Әй мүміндер! садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, жоймаңдар". (Бақара сүресі, 264 аят).

«Ниса» сүресінің 38-аятында:

وَالَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ رِئَاءَ النَّاسِ وَلَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَلَا بِالْيَوْمِ الْآخِرِ ۗ وَمَن يَكُنِ الشَّيْطَانُ لَهُ قَرِينًا فَسَاءَ قَرِينًا     

«Олар сондай малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды. Аллаға, ақырет күніне сенбейді. Кімнің жолдасы шайтан болса, ол қандай жаман жолдас».

Ғалымдарымыз айтады:

مَن يُرائي النّاسَ بعَمله أراه الله ثواب ذلك العمل وحَرَمَه إيّاه.

«Кім амалын адамдарға көрсету үшін жасаса, Алла Тағала сол амалының сауабын көрсетіп, сосын оны одан құр қалдырады».

Негізі істен ықылас жойылса, Алланың ризалығы да жойылады. Нәтижесінде не Алланың ризалығына бөленбейді, не адамдардың көңілінен шықпай қалады.

Имам Ғазали (р.х.) Ихия ғулумуд-дин, III-том, 301 бетінде: «Ең қауіпті рия – Жалғыз Аллаға көрсетілуге тиіс құрмет-тағзымды басқаға көрсеткен адамның риясы. Себебі ондай адам Аллаға ғибадат етіп жатқан сияқты  көрінсе де, шындап келгенде басқаға ғидабатын арнап жатыр деген сөз. Сондықтан да рия – жасырын серік қосу саналған».

Демек, дініміде ықылас, шынайылыққа ерекше мән беріп, рияшылдық кіші «ширк» боп есептеледі.

Алла Тағала мағун сүресінің 4-5-6 аттарында:

فَوَيْلٌ لِلْمُصَلِّينَ

«Сондай намаз оқушыларға «уәйл» болсын. «Уәйл» қасырет деген мағынаны және тозақтағы ыстығы қатты болған орынға айтылады. Әрбір намазхан намазын қасыретке емес қуанышқа қол жеткізу үшін, тозаққа емес, жұмаққа кіру үшін оқиды. Олай болса, аятта неге қасырет және тозақпен ескерткен?! Себебін аяттың жалғасынан табамыз:

* الَّذِينَ هُمْ عَنْ صَلَاتِهِمْ سَاهُونَ * الَّذِينَ هُمْ يُرَاءُونَ *

Солар, намаздарына немқұрайлылар. Солар, (амалдарын) өзгелерге көрсету үшін істейтіндер».

Жаратушы Иеміз жоғарыдағы аятта рия жасаушыларды айыптаса, келесі аятта ықыласты құлдарын мақтаған.

وَيُطْعِمُونَ الطَّعَامَ عَلَى حُبِّهِ مِسْكِينًا وَيَتِيمًا وَأَسِيرًا * إِنَّمَا نُطْعِمُكُمْ لِوَجْهِ اللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنْكُمْ جَزَاءً وَلَا شُكُورًا

«Өздері тамақты қалап тұрғанына қарамастан, оны кедейге, жетімге, және тұтқынға жегізеді. Олар шын мәнінде біз сендерді Алланың разылығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз» (Инсан сүресі, 8-9 аяттар).

 «Алла Елшісі (с.ғ.с.) :

نِيَّةُ الْمُؤْمِنِ خَيْرٌ مِنْ عَمَلِهِ

«Мүминнің ниеті амалынан хайырлы»,-деген.

Келесі хадисте:

عن أبي سعيد الخدري رضي الله عنه قال: خرج علينا رسول الله صلى الله عليه وسلم ونحن نتذاكر المسيح الدجال، فقال: "ألا أخبركم بما هو أخوفُ عليكم عندي من المسيح الدّجّال"؟ قال: قلنا بلى. فقال: "الشركُ الخَفِيّ؛ أن يقوم الرجل يصلي، فيزيّن صلاته لِما يَرى مِن نظر رَجُل".

Әбу Сағид әл-Худри (р.ғ.) бірде масих дажалды әңгіме етіп жатқан кезімізде Алла Елшісі (с.ғ.с.) шығып былай деді:

- «Сендер үшін масих дажалдан да қауіпті болған нәрсені айтайын ба».

- Әрине, айтыңыз дедік.

- Жасырын серік қосу. Намазға тұрған кезінде, намазын (өзге) кісінің назары түсу үшін көркемдеп оқуы». (Ибн Мәжә риуаяты).

 

Рияның үш белгісі:

قال عليّ بن أبي طالب رضي الله عنه: للمرائي ثلاث علامات، يَكسَل إذا كان وحده، وينشط إذا كان في النّاس، ويزيد في العمل إذا أثنِيَ عليه، ويَنقصُ إذا ذمّ.

Әли ибн Әби Толиб (р.ғ.) былай дейді: «Рияшылдықтың үш белгісі бар:

- Жалғыз өзі болса құлшылығында жалқаулық танытып, адамдардың алдында жігерлігін көрсетеді;

- Өзгелер мақтаса амалын одан әрі көбейте түседі:

- Адамдар ісін жамандай бастаса, ізгі ісін азайтады.

Рия құлшылықта үш түрлі болады:

- Құлшылықтың басында, Алладан өзгеге арнап басталуы;

- Амалдың ортасында, ықыласпен бір Алла үшін бастап, кейін өзгелер көргенде соларға көрсету үшін ғибадатын күшейтіп орындауы;

- Амалдың соңында, ғибадатын Раббысы үшін ықыласпен бастайды және солай аяқтайды. Кейін адамдар оны мақтағанда, ол оған мәз болып, жаны рахаттанады.

Рияшылдыққа жол берудің себептері:

- الجهل: Білместік. Шынайы ықыластың пайдасы мен маңызын ұғынбау, рияның зиянын түсінбеу.

- الطمع فيما في أيدي الناس: Адамдардың қолындағы нәрседен дәмелену. Пендешілікке салынып, атақ-даңқ, абырой мен мал-дүнині және мансапты құмарту.

- لذة الحمد والثناء: Мадақ-мақтаудан ләззат алуды дағдыға айналдыру. Адамдардың оны мақтағанын жақсы көру, одан рахаттану. Алайда, шынай ықыласты пенде әрбір амалын тек Алла үшін ғана жасайды. Адамдардың мақтауын күтіп аңсамайды.

 Риядан қорғанудың жолы:

- دوام التعلق بالله جل جلاله؛ : Дәйім Алламен байланысты үзбеу;

- المجاهدة الدائمة للنفس؛: Үнемі нәпсі қалауымен күресу;

- الحِرْص على كِتْمان العمل وإخفائه: Сауапты амалын жар салмай, жасыруға тырысу.  Фудайл ибн Ияд (р.х.) айтады:

"خيرُ العمل أخْفاه، أمْنَعُه من الشيطان، وأبعدُه من الرِّياء"

«Амалдың хайырлысы – жасырын болғаны. Шайтанның кедергісінен және риядан алшақ».

 

Данышпан кісіден біреу сұраған екен.

مَن المخلِص؟

- Ықыласты адам деп кімді айтамыз?

"المُخلِص الذي يَكْتُم حسناتِه كما يكتمُ سيئاتِه"

- Жаман істерін жасырғаны секілді жақсы ісін жасыра білген кісіні ықыласты дейміз,- деп жауап қатты.

النظر في عواقب الرياء ونتائجه:

- Рияның ақыры мен нәтижесіне қарау;

استحضار مراقبةِ الله تعالى للعَبْد؛:

- Алла Тағаланың бақылап тұрғанын сезіну.

Құранда:

إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَيْكُمْ رَقِيبًا

«Шәксіз Алла сендерді бақылаушы»,-делінген.

- الاستعانة بالله تعالى:

Алла Тағаладан жәрдем сұрау. Ықыласты нәсіп етіп, риядан сақтауды Жаратқаннан жалбарынып тілеу. Айша амыздан (р.һа.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дұғасында былай айтатын еді:

فعن عائشة رضي الله عنها أنَّ النبي صلَّى الله عليه وسلَّم كان يقول في دعائه: اللهم إني أعوذ بك من شر ما عملت، ومن شر ما لم أعمل.

«Уа, Аллаһым, істеген амалымның және әлі істемеген амалымның жамандығынан Өзіңнен пана сұраймын».

Адамдар түзеу ниетімен мақтаса ше?

Егер адамның ниеті түзеу болып, амалын ықыласпен Алла үшін жасаса,  мақтау-мадақты күтпесе де адамдар ісін бағалап, оны мақтауы немесе сый құрмет көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда адамдардың мақтауы немесе сый-құрмет көрсетуінде еш зиян жоқ. Бәлкім сол ісінің ахиретте қабыл болғандығының осы дүниедегі белгісі. Ықыласты пендені өзгелердің мақтауы ол оның игі кісі екеніне дәлел болмақ.

         فعن أبي ذر رضي الله عنه قال: قيل لرسول الله صلى الله عليه وسلم: أرأيتَ الرجلَ يعملُ العمل مِنَ الخير، ويحمده الناس عليه؟ قال: «تلك عاجل بشرى المؤمن». رواه مسلم.

Әбу Зарр (р.ғ.) жеткен хадисте, Алла Елшісінен (с.ғ.с.) «Бір кісі жақсы іс жасайды, содан соң адамдар әлгі кісіні мақтағанын көресің», - деп сұрады. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Сол нәрсе мүминге алдын ала берілген сүйіншісі» деп жауап берді.

Ғалымдар айтады: «Алла Тағала бір құлын жақсы көрсе оны басқа жаратылғандарға да жақсы көргізіп қояды. Олар жер бетіндегі Алланың куәгерлері».

 «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы

Нұрлан Рамазанов

Бөлісу: