Ихсар дегеніміз – қажылық жасаушы ихрамға кіргеннен кейінгі кездескен қиыншылықтар.
Тосыннан болған жағдайлар:
1) Жау қолына түсу.
2) Абақтыға жабу.
3) Ауырудың асқынуы.
4) Ақшаның ұрлануы.
5) Әйел кісілерге серік болып шыққан махрамның бұл дүниеден озуы.
Құран Кәрімде: «Алла үшін қажылық пен умраны аяғына жеткізіп орындаңдар. Егер кедергілерге жолықсаңдар, оңай келген Һади құрбандығын шалыңдар! Һади өз орнына жеткенше шаштарыңды алмаңдар!»[1],- деген.
Кедергілер тосыннан болған жағдайлармен Меккеге мүлде кіре алмауы немесе Арафаттаға тұрумен Ифада тауабын жасай алмау.
Ихсарға кездескен адам Һади құрбанын немесе оған жеткілікті қаражатты басқа кісі арқылы әл-Харамға жібереді. Һади құрбандығы Құрбан айт күні әл-Харамда шалынған соң ихрамнан шығады. Құрбандығы шалынған уақытқа дейін тоқтаған жерінде қалауы шарт емес. Умра мен Ифрад қажылығына кірсе бір дана құрбан, ал Қыран қажылық үшін ихрамға кірсе екі дана құрбан(ихсар һади) шалып, ихрамнан шығады.
Негізгі қағида тауаф пен уақфа жасау мүмкіншілігінің болмауы. Ал бұлардың біреуін орындау мүмкіндігі болса ихсар саналмайды.
Ихсардағы адам ихрамынан шығуы үшін алдымен Арафаттағы тұрудың уақытын күтеді. Егер Арафа уақытына дейін кедергілер жойылса қажылықты толық өтейді, ал кедергілер жойылмаса келесі жылдары қазасын өтейді. Анығын бір Алла біледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Хидоя, М.Бурхануддин;
2. Ислам ғибадаты, Е.Ақатаев;
3. Ислам ғылымхалы, Х.Өзтүрік.