19
Жұма,
Сәуір

һижри

Жолаушыны жын-шайтаннан сақтайтын жол

Жолаушыны жын-шайтаннан сақтайтын жол

Мақалалар
Жарнама

Адам ата, Хауа ана, Ібіліс, тауыс және жылан жұмақтан қуылады. Адам ата Үндістандағы Сарандиб тауына, Хауа ана Арабиядағы Жиддә тауына түсті. Ібілісті Басраға түсіреді. Иракта бүлік оқиғалар көп болатыны содан екен. Жыланды Исфаханға, тауыс құсы Йеменге түседі.

Адам ата жерге түскеннен кейін Ібіліс барлық айла-шарғысын қолданып, оны өлтіруге тырысып бағады. Жер жүзіндегі барлық мақұлықтарды, хайуанаттарды оған айдап салып: «Сендерді қырып-жоятын Адам келді. Оны қалайда өлтіріңдер», – деп азғырып бағады. Аңдар жиналып, Адамды өлтірмекші болады. Құстар келіп Адамның басын шұқиды. Адам ата Алладан жәрдем сұрайды.

Жебірейіл:

– Мына үш жануардың басынан сипасаң, саған қияметке дейін қызмет етеді, сені қорғайды, – дейді. Олар ит, жылқы, қыран құс екен. Қыран құстардан, ит аңдардан қорғапты. Ал жылқы малы Адамның ең жүйрік көлігі болыпты.

Ібіліс дұшпандық әрекетін жалғастыра береді. Адам атаға тісі батпаған Ібіліс енді Жидда тауында жалғыз қалған Хауа анаға қастық істеуді ойлайды. Хауа ана Аллаға жалбарынып, көмек сұрайды. Сол кезде көктен періштелер түсіп, Мекке қаласының айналасын дөңгелетіп сызады.

Ібіліс сызықтан өте алмайды. Хауа ана Ібілістің қастығынан құтылады. Періштелер сызған сызық кейін келе «Харам сызығы» немесе «Харам шекарасы» деп аталған екен. Яғни, Ібіліске, жын-шайтанға кіруге харам деген мағынаны береді. Қазіргі кезде Мекке шаһарының айналасында Харам сызығы деген атау бар.

Мұсылмандар жапан далада жалғыз қалса немесе түнейтін болса, айналасын сызып, Құраннан үзінді аяттар оқып, үшкіріп, сосын барып жатады екен. Уақыт өте келе ырым-тыйымға айналыпты. Кей діни кітаптардың баяндауынша, Адам ата ұрпағына:

– Кім түзде түнейтін болса, айналасын сызып қойсын. Жын-шайтаннан аман болады, – деп өсиет еткен екен.

muftyat.kz

Бөлісу: