17
Дүйсенбі, Желтоқсан

һижри

Әлемдегі ең үлкен саз балшықтан жасалған ғимарат

Әлемдегі ең үлкен саз балшықтан жасалған ғимарат

Мақалалар
Құралдар
Шрифт

Әлемдегі ең үлкен саз балшықтан жасалған ғимараттың мешіт екенін білетін бе едіңіз?

Жаһанның түкпір-түкпірінде жергілікті халықтың талғамы мен мәдениетінің көрінісі ретінде түрлі үлгідегі мешіттерді кездестіруге болады. Соның айқын мысалдарының бірі Батыс Африкада орналасқан Малидегі саз балшықтан салынған мешіт.

Батыс Африкадағы кесек кірпіштен жасалған мешіттер орналасқан жері мен құрылысына қарай ерекшеленеді. Дегенмен шатырының, мұнараларының және ішкі ауланың үлгісі барлығында ұқсас келеді. Мешіттің ішкі топырақ еденіне намаз кілемшелері төселген. Жарық ғимараттың төбесінде орналасқан кішкентай терезелер арқылы түседі. Келген жамағаттың назарын құлшылықтан басқаға аудармас үшін мешіттің іші қарапайым ғана безендірілген.

image 1884 1531134767

Осындай кесек кірпіштен көтерілген мешіттердің ішіндегі ең танымалы Малидегі Дженна Ұлы мешіті. Бұл ірі мешіттің осы қалпында тұрғанына 100 болған. Бірақ дәл осы жерде алғаш рет мешіт 13 ғасыр бұрын қаланған екен. Жылдар мен уақыттың езгісінен тозған мешіт кейін зират ретінде қолданылған.

Дженне француздардың қолына өткенде, олар мешітті қайта қалпына келтіруді қолға алады. Жергілікті халық қазіргі ғимараттың үлгісінен француз стилінің ізі байқалатынын айтады. Құрылыс биік саз төбенің үстіне орналасқандықтан жерден 10 фут (3 метр) жоғары тұр. Сары саз кесектен жасалған мешіт жан-жағынан ағаш тіреуіштермен бекітілген.

Әлі күнге дейін халықтың қолданысындағы мешіттің есігі мұсылман емес қонақтарға жабық. Олар мешітті тек сыртқы жағынан қызықтай алады. Тыйымның қойылуына себеп - 1996 жылғы Vogue журналының мешіт ішінде түсірген фотосессиясы еді. Бұл оқиға жергілікті мұсылмандар арасында үлкен наразылық тудырған болатын.

image 1884 1531134768

Ғимарат – қазіргі таңдағы ғажайып көріністердің бірі.      

 Аударған Жұмабекқызы Индира

Пікір жазу

Қауіпсіздік коды
Жаңарту