Керамика – жан жарасын бөлісудің жолы

Суретші қыш құмыра жасау өнерін күрес құралына айналдырды

Мақалалар
Құралдар
Шрифт

Исламофобиямен күрес қоғамды ақпараттандыру, мұсылмандардың игі істері, діни жоралғылардың танымалдығын арттыру арқылы жүзеге асады. Ал, Ұлыбританиялық мұсылман Кашиф Гани бұл күресте метафораны таңдады, деп хабарлайды The Star Halifax.

Оның жасаған қыш құмыралары адам жанының айнасы іспетті. Яғни адам – құмыра, қоғамдағы дискриминацияның нәтижесінде көңілге түскен қылау мен пайда болған жараның көрінісін беретін ыдыс.

5 құмырадан тұратын «Бейімделу» («Адаптация») сериясы Галифакс қаласындағы Гермес галереясында көрмеге қойылып, көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырды. Ганиге өнерді саяси мақсатта қолдандың деп кінә таққандар да болды. Ал, қыш-құмыра жасайтын ұста өзін саяси белсенді деп есептемейтінін және Ислам нормаларына жат, тыйым салынған ештеңе жасамағанын айтты.

«Мен саяси белсенді емеспін... Бұл тұңғиыққа үңілу. Сіз баяу түрде, бірте-бірте осының бөлшегіне айналасыз. Мұндай ортада жүргенде (исламофобиялық ортада) сіз мұны терең сезінесіз», - деді ол.

Кашиф Гани мұсылман мәдениетіндегі керамикалық ыдыстарды жасау дәстүрін қолдану арқылы исламофобияның адамдарға қалай әсер ететінін көрсетті. Әрбір құмыра бейне бір мұсылманның шағылысы, ал оның сыртқы түрі – мұсылманның жан дүниесіндегі жараны көрсетеді.

«Саяси көзқарас орын алған қоғамда бейімделу үшін олардың әр қайсысының өзіндік көңіл жарасынан пайда болған сыртқы өзгерістерін байқауға болады», - дейді Гани.

silas 2 0

Әрбір құмыра өзінің өмір жолындағы жүріп өткен тәжірибесі мен ішкі толқуларын көрсетеді. Мысалы,  «Жақпа» («Мазь») деп аталатын құмыра балалық шағының естелігінен туындаған. Оны аяғындағы өте ауыр күйікпен емханаға апарған отбасы, сеніміне байланысты кемсітуге (дискриминация) тап болады.  

«Өнерім көрерменнің жүрегіне әсер етсе, мүмкін олар да біздің ащы тәжірибемізге, көзқарасымызға ортақтасар» деп үміттенетінін жасырмады Гани.

«Көрмеге қатысушылардың арасында кейбірінің қатты әсерленгенін байқадым, себебі, әрбір құмыраның өзіндік ерекше оқиғасы бар еді... Олар өте әсерлі шықты, менің күткенім де осы», - деп ойымен бөлісті Кашиф Гани.

Қыш құмыра ұстасы Лондон қаласындағы Онтарио атты канадалықтар ауданында дүниеге келген. Жаңа Шотландиядағы (Канаданың шығысындағы аудан) Мәдениет және өнер колледжінде оқып жүріп керамикаға қызығушылық танытады. Балалық шағында комикстер салуды армандаған ол исламдағы адам бейнесін салу тыйымын ескеріп, өз өнерін шыңдаудың басқа жолдарын қарастырады. Осылайша керамика өнерінен өз орнын тапты.

Аударған Жұмабекқызы Индира.

e-max.it: your social media marketing partner

Категория бойынша