22
Жұма,
Қараша

һижри

Иман мәселесінде мәзһаб бола ма?

Иман мәселесінде мәзһаб бола ма?

Ақида
Жарнама

«Мәзһаб» діннің түсіндірілу және түсіну әдісі болғандықтан, иғтиқади (иман) мәселелерге де қатысты пікір алуандығының болуы заңды. Сондықтан да, иманға қатысты мәселелерде де мәзһабтар болады. Оның үстіне тарихқа көз жүгіртсек, Алланың сипаттары, тағдыр мәселесі, ақырет жағдайна қатысты түрлі пікірлер мәзһабтардың пайда болуына әкеп соққан.

Мысалы, Құран Кәрімде Алланы «қол», «жүз» секілді ағзалар немесе «келу» секілді іс-қимылдар берген аяттарды түсіндіру үшін түрлі пікірлер пайда болған. Мұндай аят-хадистерді тәуил жасамастан (жорамалдамастан), қалай айтылса, солай қабылдағандар «сәлафия» (уаһһабилік) секілді ағымды қалыптастырған. Ислам географиясының кеңеюі мен түрлі орталардан шыққан сұрақтардың себебінен бұл ұстаным кейбір мәселелерді түсінуге дәрменсіз қалған. Сол үшін кейінгі ғасырларда бұл аят-хадистерді Алланың ұлылық сипатына сай жорамалдаған «халафия» деп аталған  мектептер пайда болды. Әһли сүннет сенімінің пікір мектептері ретінде қалыптасқан және араларында аз ғана айырмашылықтары бар халафия кейін Матуриди және Әшғари атымен танымал болды.

Иман мәселелеріне байланысты шектен шыққан көзқарастардағы басқа да мәзһабтар пайда болғанын атап өтуіміз керек. Алайда, Ислам үмбетінің басым көпшілігін құрайтын әһли сүннет сенімі пікір мен түсінікте икемділікті назарда ұстап, Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті аясында берік бір жүйе орнатты.

материал «Ислам дегеніміз не?» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: