22
Жұма,
Қараша

һижри

Алланың пенделеріндегі хақысы

Алланың пенделеріндегі хақысы

Ақида
Жарнама

Адамзаттың жаратылуының негізгі мақсаты – құлшылықты тек Аллаға ғана арнап, алладан өзгеге сыйынудан бас тарту. Себебі, Алла тағала қасиетті Құранның «Зәрият» сүресінің 56-аятында: «жын мен адамзатты өзіме құлшылық ету үшін ғана жараттым», - деп, біздің жаратылудағы ең негізгі мақсатымызды айқындап берген.

Aлладан ғана сұрап және оған ғана сыйынып, Аллаға ортқа қосудан аулақ болған адамның өмірі берекелі болады әрі ақыреттегі сыйы есепсіз. Бұл туралы Алла Тағала «Нахл» сүресінің 97-аятында: «Ер немесе әйелден кім иманды болған күйде ізгі амал істесе, онда оны жақсы өмірмен жандандырамыз. Әрі олардың сыйын істеген амалдарынан артық етіп қайтарамыз», - деген. («Нахл» сүресі, 97-аят)

Алланың пенделеріндегі хақысы – адамның оған ортақ қоспауы. Бұл туралы сахаба Муаз ибн Жәбал (р.а) былай деген:

«Бір күні мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) есегінің артында мінгесіп отырғанымда Пайғамбар (с.ғ.с) менен:

«Әй, Муаз! Алланың құлындағы хақыларын және құлдың Алладағы хақыларын білесің бе?» - деп сұрады. Мен: «Алла және Оның елшісі жақсы біледі» - дедім.

Ол (с.ғ.с): «Алланың құлдағы хақысы – олардың Аллаға ешкімді серік етіп қоспай, тек Өзіне ғана құлшылық жасауында. Ал құлдың Алладағы хақысы –оған ортақ қоспаған құлдарын Өз мейірімімен кешіруі, жазаламауы», - деген. (Бұхари», Муслим)

материал «Алланың әділдігі және рахымы тұрғысынан жамандық және қасірет» кітабынан алынды

ummet.kz


Бөлісу: