Соңғы сәт таянғанда кісіні оң жағымен жатқызып, құбылаға қарату керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) Қағба жайында: «Өлі мен тірілердің құбыласы», – деген. Өлім аузындағы кісінің аузына қасық немесе саусақпен су беріледі.
Науқас қатты қиналса, оған жақындары көмектесуі керек. Оның жанында тұрып, «шәһадат кәлимасын» қайталап, оның айтуына көмектесу – сүннет. Бірақ бұл сөзді зорлап айтқызуға болмайды. Өйткені Алла Елшісі (с.а.у.) ескерткен: «Ләә илаһә иллаллаһты» айтуға көмектесіңдер. Өлім сәтінде оны айтқан жанды осы сөз жаһаннамнан құтқарады». «Ақырғы сөзі «Ләә илаһә иллаллаһ» болған адам Жәннатқа кіреді».
Кісі қайтыс болған кезде аузы жабылып, таза шүберекпен таңылады. Бір матамен басын байлайды. Көздерін жұмады. Қолдары жанына қойылады. Одан кейін өліктің үстін матамен жабады. Өлген кісінің жанында жуылғанға дейін Құран оқу – мәкрүһ.
материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды
ummet.kz