وَلَنَبْلُوَنَّكُم بِشَيْءٍ مِّنَ الْخَوْفِ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِّنَ الْأَمْوَالِ وَالْأَنفُسِ وَالثَّمَرَاتِ ۗ وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ ﴿١٥٥﴾ الَّذِينَ إِذَا أَصَابَتْهُم مُّصِيبَةٌ قَالُوا إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ ﴿١٥٦﴾ أُولَـٰئِكَ عَلَيْهِمْ صَلَوَاتٌ مِّن رَّبِّهِمْ وَرَحْمَةٌ ۖ وَأُولَـٰئِكَ هُمُ الْمُهْتَدُونَ
«Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! (156) Қашан оларға бip қайғы жетсе: "Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз" деді.(157) Miнe соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мәрқамет бар. Әpi олар тура жолдағылар.» (2:155-157).
Басқа аятта: أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ وَلَمَّا يَأْتِكُم مَّثَلُ الَّذِينَ خَلَوْا مِن قَبْلِكُم ۖ مَّسَّتْهُمُ الْبَأْسَاءُ وَالضَّرَّاءُ وَزُلْزِلُوا حَتَّىٰ يَقُولَ الرَّسُولُ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ مَتَىٰ نَصْرُ اللَّهِ ۗ أَلَا إِنَّ نَصْرَ اللَّهِ قَرِيبٌ
«(Мұсылмандар!) Сендерге бұрыңғы өткендердің басына келген сияқты (жағдай) келмей Жәннатқа кірулеріңді ойладыңдар ма? Оларға, ашаршылық, ауыру-науқас келді. Сондай-ақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?»,- дегенге дейін (қиыншылықта) тербетілді. Естеріңде болсын. Негізінен Алланың жәрдемі жақын.»(2:214).
Бұл аят әрбір адамның сынақтан өтетіндігінің және ешкім де сынақтан өтпей Жәннатқа кірмейтіндігінің дәлелі болып табылады. Адам қиындықтармен және сынақтармен бетпе-бет келгенде, одан дінге сенуші ретінде Алланың мақсатына деген шыдамдылық пен сенім талап етіледі, бәрі де Алланың белгілеуі бойынша, сынақтармен бірге Оның мейірімі мен жеңілдігі де келеді. Әрқайсымыз сынақтан өтетініміз ақиқат, тіпті Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) көптеген сынақтармен сыналған, әрі сынақ деңгейі иман иманының деңгейіне байланысты болады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сынақтар жайында хадисінде: «Ең қиын сынақ Пайғамбарларға, сосын сол секілді, сосын сол іспетті адамдарға. Кісі дініне қарай сыналады. Егер діні берік болса, сынағы қатая түседі. Ал, діні әлсіз болса, иманына байланысты сыналады. Пендені қиыншылық пен пәлекет бойын тазартпайынша, тәрк етпейді»- деген.
Пайғамбарлар ғана сынақтан лайықты өтіп, өз дінінде одан да берік бола отырып, әрбір дінге сенушіге осындай мүмкіндік беріледі деп ойламау керек. Әрине, қайғы-қасірет кезінде біз жан күйзелісіне батып, басқа ештеңе ойлай алмаймыз, бірақ шын мәнінде сынақ пен қасірет — дінге сенушіге бата беру, осы жағдайда өз құлының мінез-құлқын сынау үшін сынақ жіберген Алла Тағаланың ризашылығы мен махаббатын табу мүмкіндігі. Алайда Жаратушымыз Жаббар иеміз құлдарыны көтереалмас сынақ бермейді оған дәлелі.
لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا ۚ لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ ۗ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا إِن نَّسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا ۚ رَبَّنَا وَلَا تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِنَا ۚ رَبَّنَا وَلَا تُحَمِّلْنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِهِ ۖ وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا ۚ أَنتَ مَوْلَانَا فَانصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
«Алла (Т.) кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»(2:286).
Біз үмітті жоғалтып, бәрі жақсы болатынына сенбегенде, біз шайтанның арбауына түсіп, ол бізді осы жалғндық, күпірлікке итермелей бастайды. Құдайға деген сенім мен үмітін жоғалту — ең үлкен күнәлардың бірі. Ибн Аббас бір адамның Алланың Елшісінен (с.ғ.с) ең ауыр күнә қандай екенін сұрағанын жеткізді. Оған Пайғамбар (с.ғ.с): «Біреуді Аллаға теңеу, Алланың мейірімі мен үмітінен айыру», - деп жауап берді.
Шыдамдылық — бұл өмірлік қиындықтарды, қасірет пен қайғыны еңсеруге адамдарға берілген мүмкіндік, Алланың мейірімі мен шапағаты. Алла Тағала сынақтар тудырады, бірақ Ол сабырлықты да оларды еңсерудің құралы ретінде жіберді. Шыдамдылық адамның бұзылуына жол бермейді, оны күшті етеді және Құдайдың көзінше асқақтатады. Пайғамбарымыздың заманында, бір топ адамдармен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қабір маңынан өтіп бара жатқанда, бір әйелдің шашын жұлып, жылап жатқанын көреді. Жанына келіп:
- Сабыр етіңіз, сабыр етіңіз-дегенде, - Сенің басыңа түскен жоқ, әрмен жүр!- деген сөзін естиді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үндемей жаймендеп кетіп қалады. Біреу тұрып айтады: - Ей, бейшара, анау Пайғамбар еді ғой, Саллаллаһу алейһи уә сәлләм еді ғой, сен не дедің оған,- дейді.
- Мен қайдан білейін ол кісінің кім екенін,- деп, соңынан жүгіріп, қуалап үйіне шейін барады. Ол кісі үйіне кіріп кеткен болады. Есік сыртынан айқайлап тұр дейді,
- Я, Расулалла, кешіріңіз! Мен сізді танымадым, білмедім,- дейді. Сонда Пайғамбарымыз есікті ашып: "Сабырлық - бірінші соққыда болады" деген екен.
Шыдамдылық азапты жеңілдетеді, сондықтан Алла адамға шыдамдылық танытып, жағдайды ауыздықтап қана қоймай, шыдамдылық танытуды бұйырды. Алла Тағала сабырлыларды жақсы көреді, сонда олардың қатарынан болыңыз.
الَّذِينَ إِذَا أَصَابَتْهُم مُّصِيبَةٌ قَالُوا إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ
«Қашан оларға бip қайғы жетсе: "Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз" деді.» (2:156). Сізді адам кейпінде жаратқан, жан дүниеңізде болып жатқан нәрсенің бәрін білетін Алланың мейіріміне үміт артыңыз. Егер сіздің жан дүниеңіз тыныштық таба алмаса, Құранның аяттарына жүгініңіз, онда Алла әркімге өз мейірімін уәде етеді. Ал оның уәдесі хақ. Онда жұбаныш іздеңіз:
قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِن رَّحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا
إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді" де. (39:53).
وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ ۖ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ ۖ فَلْيَسْتَجِيبُوا لِي وَلْيُؤْمِنُوا بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (2:186).
وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ وَنَعْلَمُ مَا تُوَسْوِسُ بِهِ نَفْسُهُ ۖ وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنْ حَبْلِ الْوَرِيدِ
«Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз». (50:16)
Алла Тағала бізге өмірде басшылық ету үшін пайғамбарлар мен насихат, ескертулер жіберді. Егер бізге екі әлемде де бақыт табуда және Алланың барлық ұйғарымдарын сақтаудың жолын көрсетіп отырған осы басшылыққа сүйенсек, тіпті оның төңірегінде сынақтар болса да мұсылман өзін бақытты сезінеді,. Дін бізге Алла Тағаланың разылығын алу жолдарын және осы әлемдегі шынайы ризалық пен қуанышты сезіну жолдарын көрсетеді.
Қарлығаш Қажымәлікқызы,
«Нұр-Астана» мешітінің ұстазы