18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Шайтанды үйден қалай қууға болады?

Шайтанды үйден қалай қууға болады?

Ақида
Жарнама

Шайтан Адам мен оның ұрпағын тура жолдан айнытатындығын айтып менменсігенде Алла Тағала ол билік жүргізе алмайтын адамдарды былай сипаттайды:

«Ақиқатында, Менің құлдарыма (Маған шынайы құл болғандарға) – олардың үстінен сенде билік жоқ. Тек адасқандардан, сондай саған ергендерден ғана бар». («Хижир» сүресі, 42-аят). Яғни, құлшылықта Алла Тағалаға серік қоспаған адам Алланың қорғауында болып, шайтанның зиянынан ада болады.

Үйде мүмкіндігінше «Бақара» сүресін жиі оқу керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у): «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді» деген. (Ахмад, Муслим). Сондай-ақ, Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) айтады: «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінен он аят оқыса, ол үйге шайтан кірмейді: басындағы төрт аят, Аятул-Күрсі, оған дейінгі екі аят және соңғы үш аят». Тағы бір хадисте: «Кім «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын түнде оқыса, оған жеткілікті». (Бұхари). Яғни, барлық жамандықтан сақтауға жеткілікті делінген. Басқа ғалымдар «Шайтанның жамандығынан сақтауға жеткілікті», «Адамдар мен жындардың жамандығынан сақтайды» деп тәпсірлеген.

ummet.kz

Бөлісу: