22
Жұма,
Қараша

һижри

Жәннатқа бірінші болып кіретіндер

Жәннатқа бірінші болып кіретіндер

Ақида
Жарнама

Жәннатқа бірінші болып кіретін пенде – пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.). Әрі оған кіретін үмбеттердің ішінде Жәннат қақпаларынан ең әуелгі енетіндер де оның (с.а.с.) үмбеті. Ал бұл үмбеттің ішінде Жәннат табалдырығынан алғашқы болып аттайтын кісі – Әбу Бәкір Сыддық (Алла оған разы болсын).

Алла елшісі (с.а.с.): «Мен – Жәннат қақпасын қағатын ең әуелгі (жанмын)»  , – десе, тағы бір хадисінде: «Біз соңғылар (болсақ та) Қиямет күні алғашқылармыз, біз – Жәннатқа кіретін алғашқы адамдармыз» , – деп айтқан. Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Бәкірге (Алла оған разы болсын): «Ей, Әбу Бәкір! Расында, сен – үмбетімнен Жәннатқа ең бірінші кіретін (адамсың)», – деген. Сонымен қатар Алла елшісі (с.а.с.) есеп-қисапсыз жаннатқа кіретін ең әуелгі топты: «Бірінші топта Жәннатқа кіретіндердің бейнелері түнгі толған айдың дидарындай болады. Олар (жаннатта) түкірмейді, сіңбірмейді және әжетке де отырмайды, олардың ондағы ыдыстары алтыннан, тарақтары алтын мен күмістен, қорқорларында алоэ (жанып тұрады), тер тамшылары миск (аңқиды), олардың әрбіріне екі әйелден, сұлулықтан ол екі (әйелдің) жілік майлары еттерінің ар жағынан көрініп тұрады, олардың арасында келіспеушілік те, жеккөрушілік те болмайды, ал жүректері бір кісінің жүрегі және олар ертелі-кеш Аллаға тәсбих айтады», – деп сипаттаған.

Тағы бір хадисінде: «Маған үмбетімнің жетпіс мыңының Жәннатқа есеп-қисапсыз кіруі нәсіп етілді», – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәннатқа кедейлердің бірінші кіретінін хабарлаған. Ол кісі (с.а.с.) Абдуллаһ ибн Амрдан (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Сен үмбетімнен Жәннатқа кіретін алғашқы топты білесің бе?» – деп сұрайды. Абдуллаһ: «Алла пен Оның елшісі жақсы біледі», – деп жауап береді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Муһажирлердің кедейлері...» – деп айтқан.

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) алғашқылардың қатарында жұмаққа енетін үш адамды атап: «Маған Жәннатқа кіретін әуелгі үш (адам) көрсетілді. (Олар): шәһид, намысшыл арлы (кісі) және Алланың ғибадатын көркем түрде орындап, қожайындарына адал болған құл», – деген.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: