22
Жұма,
Қараша

һижри

«Тағдырдың жақсылығы мен жамандығының екеуі де Алладан»

«Тағдырдың жақсылығы мен жамандығының екеуі де Алладан»

Ақида
Жарнама

Әһлі сүннет ғалымдары (Алла жар болсын) былай дейді: «Жаратылғандардың істері, жай-күйі, сөздерінің бәрі де Алланың тағдыры мен жазуына сай жүзеге асады». Мұғтазилиттер: «Күнәлар Алланың жазуымен болмайды», деген. Бұлар Алланың қалауы мәселесінде де осындай ұстанымда. Бұл мәселенің негізі пенденің іс-әрекетінің жаратылуына барып тіреледі.

Біздің айтпағымыз, Алла Тағаланың жаратуы және қалауы арқылы жаратылған барлық нәрсе Оның тағдыры мен жазмышы бойынша жүзеге асқан. Себебі, «қаза» (сөзі тілдік мағынада «бекем әрі шеберлікпен жасау», «орындау» деген мағыналарды білдіреді. Әбу Зуаиб әл-Һузалидің өлең жолында былай келеді: Үстіне киген сауыттары олардың, Дәуіттің немеме ұста Туббағаның шеберлігімен жасалған.

Өлең жолында айтылған «сөзі «жасау, шеберлікпен өру (соғу)» деген мағынаны білдіреді. Қадар (тағдыр) – әрбір жаратылысқа өзіне тән сипаттар, жай-күйлерін белгілеу. Мұндай күйлерге: жақсылық, жамандық, пайда-зиян, жаратылыста жүзеге асатын уақыт пен кеңістік және оған берілетін сый мен жаза секілді нәрселер кіреді. Сондайақ, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Біз әр нәрсені бір өлшеммен жараттық» десе, Пайғамбарымыз хадисінде: «Тағдырдың жақсылығы мен жамандығының екеуі де Алладан» деген.

Сұрақ: Пайғамбарымыздың бір құдси хадисінде Алла Тағала былай деген: «Кімде-кім менің жазған тағдырыма разы болмаса, берген сынағыма сабыр ете алмаса, берген ниғметтеріме шүкіршілік етпесе, өзіне басқа құдай іздесін». Сіздің көзқарасыңыз бойынша, күпірлік (Алланы мойындамаушылық) те Алланың жазуымен жүзеге асатын болса, оған разылық танытуымыз қажет емес пе? Ал кәпірлікке разылық танытуды қалай түсінеміз?

Жауап: Күпірлік – Алла Тағаланың жазуы емес, соның бір нәтижесі саналады. Себебі, бір жағынан алғанда Алланың жазуы ‒ оның бір сипаты. Ал күпірлік ‒ пенденің сипаты. Алланың бұл жазуы – күпірлікті кәпірдің бойында адасушылық, жағымсыз, жаман нәрсе ретінде жаратуы болып табылады. Алайда бұл пенденің мәңгі азапқа лайықты күпірлікті өз таңдауы және қалауы арқылы жасаған кезде ғана орын алады. Міне біз осындай жазуға разылық танытамыз. Айта кететін тағы бір жайт, құдси хадисте айтылған Алланың жазуы адамға өз еркінен тыс берілетін аурулар мен түрлі қиыншылықтарды білдіреді. Ал адамның (күпірлік секілді) өз еркімен барған ісіне насихатты тыңдамай, разылық танытатындығы онсыз да белгілі. Демек сұралған мәселе бұл хадистің аясына кірмейді. Жетістікке жеткізіп, тура жолға бастаушы – бір Алла ғана!

материал «Матуриди ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: