21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Тозақта мәңгі қалдыратын ең үлкен күнәлар

Тозақта мәңгі қалдыратын ең үлкен күнәлар

Ақида
Жарнама

1) Күпірлік және Аллаға серік қосу. Алла тағала: «Расында,  кәпір болғандарға (Қиямет күні): «Алланың ашуы, сендердің өз ашуларыңнан зор. Өйткені сендер иманға шақырылған кезде кәпірлік таныттыңдар» деп дауысталады», – деген.

2) Қиямет күніне сенбегендіктен, шариғат міндеттерін  орындамау. Алла тағала: «Сендерді тозаққа кіргізген не  нәрсе?» Олар: «Біз намаз оқушылардан емес едік, міскінді тамақтандырмайтын едік, бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік, өзімізге өлім келгенге дейін Қиямет күнін өтірік деген едік», – дейді», – деген.

3) Адасқан, дінсіз басшыларға еріп, Алланың дінінен бет бұру. Алла тағала: «Расында, Алла кәпірлерді лағынет етті және оларға жалындаған тозақты әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Жанашыр да, жәрдемші де таба алмайды. Бет-жүздері от ішінде аударылатын күні: «Әттең, Аллаға бойсұнып, елшіге бағынғанымызда еді! Раббымыз! Біз басшыларымызға, үлкендерімізге бойсұндық та, бізді солар адастырды», – деп айтады», – деген.

4) Мұнафиқ болу. Алла тағала: «Алла мұнафиқтар мен  мұнафиқ әйелдерге және кәпірлерге тозақ отын уәде етті.  Олар онда мәңгі қалады», – дейді.

5) Менмендігі себепті Алланың аяттарына сенбеу. Алла тағала: «Сондай аяттарымызды өтірік дегендер, оларға менменси қарағандар, солар – тозақтық. Олар онда мәңгі қалады», – деген.

Сондай-ақ,Тозақта мәңгі қалдыратын ең үлкен күнәлар Пайғамбар (с.а.с.) Жәннат пен тозақ таласқанда: «Тозақ: «Маған озбырлар мен менмендер кіреді», – деп айтады», – деген.Тозақтықтар көп. Алла тағала: «Расында, оларға деген Ібілістің ойы шынға шығып, бір топ мүміндерден басқасы саған ілесті», – дейді.

Тағы бір аятта Ібіліске: «Әлбетте, тозақты сен және саған ілескендермен, солардың барлығымен толтырамын», – деген.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: