23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Кіл көпір (Сырат) деген қандай көпір?

Кіл көпір (Сырат) деген қандай көпір?

Ақида
Жарнама

« Сырат көпір» деген сөз хадистерде көп кездеседі. Көпір – жол мағнасын береді. Бірақ біздің шектеулі ақылымызбен ұға алмайтын түрде тозақтың үстінен бір көпір құрылады.

Бүкіл адамзат баласы осы көпір арқылы өтеді. Өте алғандар жұмаққа өте алмағандар тозаққа түседі. Алла Тағала:
«Ондайлардан (тозақ басына) бармай қалатын ешкім болмайды. Мұның өзі Раббының өзгермес үкімі. Сонан соң тақуаларды (тозақтан) құтқарамыз да, азғындарды жаһаннам жиегіне тізіп қоямыз», дейді.(«Мәриям», 19/71-72)
Яғни «Ондайлардан (тозақ басына)бармай қалатын ешкім болмайды» дегені айтып өткен қыл көпірден өтпей жұмаққа бармайды дегені. Бухарида өткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «...кейн тозақтың екі жағына бір көпір құрылады. бұл қандай көпір? деп сұрады. Тайғанақ көпір. Тікендері бар. Мүміндер көзді ашып-жұмғанша ол жерден өтеді де кетеді. Құйындай, жарыс аттарындай зымырап өтетіндері де болады. Адамдардың кейбірі құтылып, жұмаққа кіреді. Ал кейбірі тозаққа қарай дөңгеленеді.... ол жерден алғаш өтетін мен болармын... Уа, Раббым, мені сақтай гөр! Уа Раббым мені сақтай гөр!» (Бухари, №7439; Мүслим, №183). Осы себепті, Әһл-сүннет сенімі бойынша, қыл көпірге сену – иман негіздерінен.

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: