26
Жұма,
Сәуір

һижри

Жұмақ пен тозақты бақылайтын періштелер

Жұмақ пен тозақты бақылайтын періштелер

Ақида
Жарнама

Жәннат пен жаһаннамды арнайы күзететін періштелер болады. Олар жәннатқа кірген мүминдерге қызмет етеді және олармен бірге болады. Құранда: «Сабыр еткендерің үшін, Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы» («Рағыд» сүресі, 24-аят). Оларға оның сақшылары: Сендерге сәлем, қош келдіңдер, жұмаққа мәңгі қалатын түрде кіріңдер» («Зүмәр» сүресі, 73-аят), делінген.

Жәннаттағы періштелердің басшысын Ридуан деп атайды. Тіршіліктің адам баласы біліп-білмейтін бүкіл тетіктеріне жауапты періштелері болғаны іспетті Ұлы Жаратушының тозақта да Субхан (нұқсансыз) есімін көрсететін періштелері бар. Ол – Мәлик періштесі. Мәлик періштесі тозақ күзетшілерінен де деңгейі жоғары әрі олардың барлығына жауапты періште. Құран аяттарында тозақтағы жауапты періштелер жайлы баяндалады: «Әй, мүміндер! Өздеріңді әрі үй іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер – ірі денелі, қатал. Олар Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды» («Тахрим» сүресі, 6-аят).

«Ол тозақтың не екенін сен білесің бе? Кейін қалдырмайды да шала тастамайды. Ол адам терісін өртеп кетеді. Оған он тоғыз періште қарайды. Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана тағайындадық» («Мүддәссир» сүресі, 27, 28, 29, 30, 31-аяттар).

Сондай-ақ, Құранда тозақтағы жауапты періштелер кәпір адамды сұрақтың астына алатындығы баяндалады:

«Қарсы келгендер топ-тобымен тозаққа айдалады. Сондай-ақ, ол жерге барғандарыңда тозақ есіктері айқара ашылып, жауапты періштелер: «Сендерге іштеріңнен өздеріңе Раббыларының аяттарын жеткізген және Алланың құзырына баратын бұл күнді білдіріп, ескерткен елшілер келмеді ме?» - деп сұрайды. (Олар): «Әрине, келді. Бірақ, кәпірлерге лайық болған азап ақиретте шындыққа айналады» - дейді. («Зүмәр» сүресі, 71-аят).

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: