22
Жұма,
Қараша

һижри

Шариғат – адамзат өмірін тәртіпке келтіретін басты құрал

Шариғат – адамзат өмірін тәртіпке келтіретін басты құрал

Ақида
Жарнама

Ислам шариғаты адам өмірін жан-жақты қамтып, әр адамның ана құрсағындағы нәрестелік кезеңінен бастап қабірге қойылу кезеңіне дейінгі  өмірін толығымен өз қамқорлығына алған. Шариғат адамзат өмірін барлық жағынан төмендегідей тәртіпте ретке келтірген:

1. Жеке адамның Алла тағала қатысты міндеттерін бейнелейтін құлшылық  үкімдерін бекітті. Бұл үкімдер шариғаттың «Құлшылықтар» атты бөлімінде  қарастырылады. Қолдарыңыздағы кітап осы бөлімді зерттейді.

2. Адамның жеке жүріс-тұрысы мен көпшілік арасында ұстанатын этикасын  жөнге салатын үкімдерді бекітті. Бұл үкімдер шариғаттың «Адал және арам» атты бөлімінде қарастырылады. Отбасы жағдайын ретке келтіретін үкімдерді бекітті. Бұл үкімдер некелесу, ажырасу, асырау, бала емізу, мұра қалдыру, мұралану секілді мәселелермен байланысты. Бұл бөлім шариғатта «Отбасы жағдайы» деп аталады.

4. Қоғамдық өмірдегі азаматтық және мал-мүліктік қатынастарды реттейтін үкімдерді бекітті. Бұл үкімдер сауда, қарыз алу, қарыз беру, жалға беру, кепілге беру секілді қатынастармен байланысты. Бұл үкімдерді шариғаттың «Азаматтық немесе мүліктік қатынастар» атты бөлімі зерттейді.

5. Қылмыстар мен олардың жазаларына байланысты үкімдерді бекітті. Бұған: ұрлық, зина, арақ ішу секілді күнәлардың жазалары кіреді. Бұл үкімдерді зерттейтін бөлім шариғатта «Қылмыстар» деп аталады.

6. Мемлекет басшылығы мен халық арасындағы міндеттер мен құқықтарды, сондай-ақ екі арадағы қатынастарды жүйелейтін үкімдерді бекітті. Бұл үкімдер «Үкімет заңдары» деп аталады.

7. «Халықаралық қатынастар» деп аталады мен байланысты үкімдерді бекітті. Бұларға:  бейбітшілік, соғыс, келіссөздер секілді мәселелер кіреді. Бұл үкімдер «Халықаралық қатынастар» деп аталады.

материал «Фиқһ іліміне кіріспе» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: