29
Жұма,
Наурыз

һижри

Қияметтің кіші белгілері: Фитналардың кең тарауы

Қияметтің кіші белгілері: Фитналардың кең тарауы

Ақида
Жарнама

Фитна – араб тілінде «сынақ», «азғыру», «бүлік», «ылаң», «іріткі» т.б. мағыналарды білдіреді. Бұл жерде «бүлік», «ылаң», «іріткі» деген мағынада.

Жоғарыда келген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қияметтің алдында алты нәрсені сана: ...сосын фитнаны, ол кірмеген бірде-бір араб үйі қалмайды...», – деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қияметтің алдында үлкен фитналардың болатынын хабарлаған. Әбу Мұса (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) бүлік жайлы ескертіп: «Сендердің алдарыңда қараңғы түннің бөліктеріндей фитналар тұр. Онда кісі мүмін күйде таң атырып, кәпір болып кеш батырады. Мүмін болып кеш батырып, кәпір күйде таң атырады. Онда отырған тұрғаннан жақсы, тұрған жүргеннен жақсы, жүрген жүгіргеннен жақсы. (Сол кезде) садақтарыңды сындырып, адырналарын үзіңдер, қылыштарыңды тасқа ұрыңдар. Егер біреулеріңе басып кіріп келсе, Адамның (аләйһис-сәләм) екі ұлының жақсысы сияқты болыңдар», – деген (Ахмад, Әбу Дауд және Ибн Мәжәһ.).
Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Түн бөліктеріндей фитналардан бұрын амал жасап қалыңдар. Онда кісі мүмін күйде таң атырып, кәпір болып кеш батырады немесе мүмін болып кеш батырып, кәпір күйде таң атырады. (Сол кезде адам) дүние пайдасы үшін дінін сатады», – деп айтқан (Муслим.).
Фитна туралы басқа да көптеген хадистер келген. Бұл фитналардың біразы болып өткен, біразы әлі де болып жатыр. Болып өткен фитналар жайында айтар болсақ, Ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Фитна мына жақта, фитна мына жақта...», – деп қолымен шығысты нұсқаған (Әл-Бұхари.).
Негізінде, бүліктер шығыс жақтан бас көтерген. Өйткені мұсылмандар арасына іріткі салған хауариж, шиға, батиния,
қадария, жаһмия, муғтазила сияқты адасқан ағымдардың барлығы шығыстан шыққан. Тіпті сахабалардың кезінде де үлкен фитналар жүз көрсеткен. Мысалы, Осман ибн Аффанның (Алла оған разы болсын) өлтірілуі, Жәмәл, Сыффин және Харра шайқастары секілді фитналардың болғанын тарих беттерінен оқуға болады.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: