25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ақыретке иман етуге тосқауыл болатын себептер

Ақыретке иман етуге тосқауыл болатын себептер

Ақида
Жарнама

Ислам дінінде иман негіздерінің бірі, ол – ақыретке иман. Ақыретке иман «ағартушылық» деп аталатын дәуірден бастап материалистік түсінік тарапынан жоққа шығарылып, көпшілік тарапынан мойындалмай келді.

Ақырет сенімі жалпы адамзат қоғамында әлсіреді деуге болады. Немесе басқа дін өкілдерінде әлсіреуі мұсылман әлеміне де ықпал етті. Қазіргі таңда жаратылыстың мән-мағынасы жалаң материалистік ғылыми түсінік негізінде өлшенеді. Бұл адамдарды ақыретке сенуден алыстатып, дүниелік пайда көзделген қарым-қатынасты қалыптастырады. Қоғамда ізгілік азайып, күнәлі істердің көбеюіне себеп болады. Қасиетті Құран ақыретке иман мәселесін қоғам тепе-теңдігі мен баянды өмірдің кепілі ретінде қарастырады. Соған қарамастан мұсылман әлемінің өзінде қызылды-жасыл дүние қызығына алданып, ақырет сенімінің әлсіреп бара жатқаны һәммаға аян.

Ислам принциптері аят пен хадистер аясында белгіленеді. Радционалды білімдерге негіздейтін Каләм ілімінің міндеттерінің бірі – иман ақиқаттарын мойындаудың факторларын анықтап, мұсылмандарға түсіндіру. Бұл мәселеде нақыл (Құран, сүннет) мен ақылдың арасын біріктіруші әдісті дамытқан, сунниттік ақида ілімін бір жүйеге түсіріп және Құранға кең көлемде тәпсір жазған Әбу Мансур әл-Матуридидің пікірлерін халыққа жеткізу өте маңызды болып табылады.

Имам Матуриди ақыретке иман етуге тосқауыл болатын себептерді бірнеше түрге бөліп қарастырады. Енді соларға тоқталып өтелік.

1. Алланы мойындамау;

2. Білімді мағынасына сай, өз орнына қолданбау. Ислам дінінде мағлұмат қайнары үшеу: мутауатир (сенімді) хабар, сезім мүшелері және ақыл. Бұларға жүгінбеу адамды күпірлікке апарады;

3. Алдыңғы ұрпақтың артынан еру;

4. Тәкәппарлық;

5. Дүниеқұмарлыққа салыну.

материал «Матуриди сеніміндегі

таңдаулы тақырыптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: