22
Жұма,
Қараша

һижри

Имам Матуридидің еңбектері

Ақида
Жарнама

Имам Матуриди ақида саласынан өзге де салада еңбек жазғаны мәлім. Мәселен, «Кәшфуз-зунун» кітабында усулүл-фиқһ саласында қатысты екікітап жайында айтылған:

1. Әл-Жәдл;

2. Маахазуш-шараиғ фи усулид-дин».

Құран саласын алсақ, Имам Матуриди «Таауиләту әһлис-сунна» атты тафсир жазғаны белгілі. «Кәшфуз-зунун» қаламгері имам Матуридидің бұл тафсирін дәл осылай атап көрсеткен. Дегенмен, имам Матуридидің бұл тафсирін «Таауиләтул-Матуриди фит-тафсир» және «Таауиләтул-Құран» деп көрсеткендер де болған. Дәлірек айтар болсақ, қазіргі уақытта Туркия, Үндістан, Германия, Мадина, Ұлыбритания мен Ташкенттегі нұсқалары дәл осылай аталған.

Һижри 775 (1373) жылы дүние салған әйгілі аудармашы, хадис хафизы, фақиһ имам Абдул-Қадир Әл-Қураши (рохматул-лаһи ғаләйһи) имам Матуридидің тафсирі жайында былай деген: «Бұл теңдесі жоқ кітап. Осы кезге дейін осы тәрізді еңбек жазылмаған».

 

Жалпы имам Матуриди ақида, тафсир және усул фиқһ саласында қалам тартқаны белгілі.

Бөлісу: