22
Жұма,
Қараша

һижри

Жәннаттың сегіз есігіне де шақырту алатын пенде

Жәннаттың сегіз есігіне де шақырту алатын пенде

Ғибратнама
Жарнама

Біз амал еткен, арман еткен Жәннатта жақсылықтар жасырылған сегіз есік бар.

Олар:

– Тәубе есігі. Бұл есік Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есігі деп те аталады;

– Ораза есігі. Бұл есік Раййан есігі деп те аталады;

– Зекет есігі;

– Садақа есігі;

– Қажылық және ғұмра есігі;

– Жиһад есігі;

– Туыс-бауырмен қатынасын сақтау есігі.

Бұл мәселеге мына хадис дәлел:

«Расулулла (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қиямет күнi Алла Тағала жолына екi нәрсенi жұмсаған адамды Жәннаттың бiр есiгiнен: «Ей, Алланың құлы! Бұл – жақсылық», – деп шақырылады. Намаз оқығанды «намаз» есiгiнен, ораза ұстағандарды «Раййан» есiгiнен, ал садақа бергендердi «садақа» есiгiнен шақырады», – деп айтқанда, Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын): «Ата-анам Сіз үшін құрбан! Бұл есiктің бірінен шақырылғанға не қам, не қайғы? Алайда, осы есiктiң барлығынан бiрдей шақырылатын пенде бола ма?», – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Иә, болады. Мен Алла Тағаладан сiздi солардың бiрi болуыңызды тiлеймiн», – деп жауап бердi» (Бухари, Муслим).

ummet.kz

Бөлісу: