22
Жұма,
Қараша

һижри

Жұма – періштелердің тізіміне ілігетін күн

Жұма – періштелердің тізіміне ілігетін күн

Ғибратнама
Жарнама

Жұма – күн шыққан күндердің ең жақсысы. Осы күні Адам жаралды, Жәннатқа қоныстанды және қуылды. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жұма күні болғанда мешіттің әрбір есігінде періштелер тұрып намазға келгендерді ретімен бір-бірлеп жазады, ал имам мінберге отырғанда, парақтарын жауып, зікір сөздерін тыңдауға келеді», - деген. (Бұхари)

Алла Елшісі (с.ғ.с) тағы бір хадисінде: «Мешітке қарай ( жолда мешіт әдебін есіңізге бір түсіріңіз) басылған әрбір қадам – садақа. Садақа таратып, мешіт қақпаларында тұратын періштелердің тізіміне ілігуге асығыңыз. Ерте барып, түйе сойғандай, екінші мерзімде барып, сиыр сойғандай, үшінші мерзімде барып, қошқар сойғандай, төртінші мерзімде барып тауық сойғандай, тым болмаса, соңында барып, жұмыртқа құрбандық еткендей сауап алыңыз» - деді. (Муслим)

Жұма күні жасалған кез-келген жақсылықта еселеген сауаптар болады деп үміттенеміз. Бұл күні тек жақсы сөйлеп, жақын адамдарыңызға жақсы көретіндігіңізді айтыңыз. Алла таңдаған ерекше күн екенін сезініп, көтеріңкі көңіл күйде жүріңіз. Байқағаныңыздай, бұл күннің тұла бойы сауапқа, мейірімге, кешірімге толы. Бірінің етегінен ұстауға асығайық, себебі, келер жұмаға жетер жетпесіміз бір Аллаға ғана аян...

ummet.kz

Бөлісу: