22
Жұма,
Қараша

һижри

Ақылды адам мен әлсіз адамның айырмашылығы

Ақылды адам мен әлсіз адамның айырмашылығы

Ғибратнама
Жарнама

Алла көріп тұр деген шынайы сезімде өмір сүру үшін Алладан шынайы  қорқыныш қажет, жүректе тақуалық болуы тиіс. Ақыреттегі қорқынышты жағдайларды үнемі есте сақтап, қайтар күнге дайындық жасаумен шұғылдану маңызды. Қасиетті Құранның «Шәмс» сүресінде айтылғандай: «Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Әлдекім оны кірлетсе, қор болды» («Шәмс» сүресі, 9,10-аяттар).

Адам баласы құдды бір тәрбиені, қадағалау мен бақылап отыруды қажет ететін нәресте іспетті. Жүріп тұруы, тамақ жеуі, ұйықтауына дейін әрдайым қарап отыруды талап етеді. Яғни адам тәрбиесін үнемі жүргізіп отырады. Абай атамыз бір сөзінде: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды, күнін де өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» – деп, адам баласын өтіп жатқан өз өміріне үңілуді өсиет еткен. Хазреті Әли (р.а.): «Есепке тартылмай тұрып, өзіңді есепке тартыңдар», – деген. Яғни, ақылды адам дегеніміз – нәпсісін тыйып, өлімнен кейінгі өмірге ертерек қамданатын мұсылман.

Әлсіз адам нәпсісіне ерік беріп, Құдайға үміт артып қойып жүре беретін адам. «Құдай кешіреді ғой» деп жүре беру ақылды адамның ісі емес. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да өз өсиеттерінде адамның ең биік дұшпаны нәпсісі екенін ескертіп, бойдағы жағымсыз, жаман қасиеттерді тәрбиелеу керектігін көп насихаттаған. Ислам тарихындағы үлкен соғыстардың бірі – Табук жорығынан қайтып келе жатып сахабаларына: «Кіші жиһадтан (жорықтан) үлкен жиһадқа (нәпсімен күресуге) оралдық», – деген екен.

ummet.kz

Бөлісу: