22
Жұма,
Қараша

һижри

Өлгеннен кейін де ажырамайтын дос

Өлгеннен кейін де ажырамайтын дос

Ғибратнама
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Бір кісі өлгенде періштелер (ақырет үшін) қандай ізгі амал дайындады?» - дейді. Адамдар да (мал-мүлік ретінде артында) не қалдырды?» дейді. (Суюти, «әл-Жамиғ ус-Сағир»)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 

«Құл қайтыс болғанда үш нәрсе артынан ереді. Екеуі артқа қайтады, ал біреуі жанында қалады. Малы, отбасы және амалы артынан ереді. Малы мен отбасы артқа қайтып, тек амалы қалады».

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят еткен хадис шәріпте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Әр адамның үш досы бар.

Біреуі «Жұмсағаның сенікі. Жұмсамай ұстағаның сенікі емес» дейді. Бұл адамның мал-мүлкі.

Екіншісі «Мен сенімен біргемін. Сұлтанның есігіне келгеніңде (Яғни қабірде) сені тастап кері қайтамын» дейді. Бұл отбасы мен туыстары.

Ал үшіншісі «Сен (қабірге) кіргенде де шыққанда да сен жалғыз қалдырмаймын» дейді. Бұл да ізгі амалы». 

ummet.kz

Бөлісу: