22
Жұма,
Қараша

һижри

Құмырсқаның тәуекел етуінен ғибрат

Құмырсқаның тәуекел етуінен ғибрат

Ғибратнама
Жарнама

Мына бір ғибратты қиссада Сүлеймен пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) мен құмырсқаның тәуекел жайлы әңгімесінде былай делінген:

Күндердің бір күні Сүлеймен пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) құмырсқадан жылдық азығын сұрайды. Сонда құмырсқа: -Жалғыз бидай бір жыл жеуіме жарайды,- дейді. Оны сынамақ болған Сүлеймен пайғамбар әлгі құмырсқаны алып шыны әйнекке қаматады, тыныс алуына жағдай жасап, қасына бір тал бидай дәнін қойғызады.

Арада бір жыл өтеді. Шыны әйнектің аузын ашып қараса, құмырсқа аман-есен, бидайдың жартысын ғана жеген екен. Таңырқаған Сүлеймен пайғамбар: Бұл қалай, бір жылда бір бидайды тауыспапсыңғой!-дейді. Сонда құмырсқа жан біткеннің тілін ұққан Сүлеймен пайғамбарға: «Оны тауыспағанымның мәнісі бар. Әсілінде несібемді бір Алланың өзі береді. Ол берсе мен несіне қам жейін?! Алаңсыз жүріп, бидайымды бір жылда жеп тауысамын. Өйткені Жаратушы өзінің жаратқанын ешуақытта ұмытқан емес. Мына тар қапасқа қамаған соң Сүлеймен пайғамбар түптің түбінде пендешілігі ұстап мені ұмытып кетсе қайтемін деген сақтықпен бидайдың жартысын ғана жеп, қалғанын келер жылға сақтап қойдым»,- деген екен.

Аллаға ғана тәуекел ету жүрекке тыныштық орнатып, сын сағатта сүйеу болады. Аллаға шынайы тәуекел еткен адам Оның жазған тағдырына разы болады. Алланың ісіне толық мойынсұнады және үкімнің орындалуынан жүрегі толық тыныштық табады.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: