22
Жұма,
Қараша

һижри

Адамның жанын аздыратын жеті дерт

Адамның жанын аздыратын жеті дерт

Ғибратнама
Жарнама

Бірде Бөлтірік шешеннен қасындағы жас өнерпаздар сұрапты дейді.

– Тәнің мен жаның бірдей сау болсын деген сөзіңіздің мәнісі не? Тәні саудың жаны да сау болмай ма?- деп. Сонда Бөлтірік:

– Тәні саудың бәрінің жаны сау бола бермейді. Тән мен жанның саулығы бірдей болуы – кісі бойында сирек кездесетін байлық. Кісінің жанын аздыратын дерттің түрі көп:

Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан.
Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Қараулық деген бар, одан таза бол.
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол.
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол.

Төрт мүшең түгел болса, жаның осы жеті жаманнан аман болса, жаның мен тәнің бірдей сау болуы деген сол. Жаның осы жеті жаманнан аман болсын, - деген екен. 

материал «Даналық ойдан дән ізде» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: