29
Жұма,
Наурыз

һижри

Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) баласына айтқан өсиеттері

Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) баласына айтқан өсиеттері

Ғибратнама
Жарнама

Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) баласына айтқан өсиеттерінен:

Сүлеймен (ғ.с.) баласына: «Жаман тұрмыс тауқыметінің бірден-бір белгісі бір үйден екінші орынға көшу болмақ», – деп өсиет еткен екен.

Сүлеймен (ғ.с.): «Балам! Құрдымға кеткендер қалайша жойылды деп таңданба. Аман қалып құтылғандар қалайша құтылған екен деп таңдануға болады. Балам! Тән саулығынан асқан байлық жоқ. Көз қарашығынан артық нығмет жоқ», – деген екен.

Сүлеймен (ғ.с.) баласына: «Кімде-кім жамандық істейтін болса, әуелі өзінен бастасын», – деп өсиет еткен екен.

Сүлеймен (ғ.с.): «Балам! Алла Тағаладан қорқушы бол. Өйткені бұл қасиет барлық нәрсені жеңіп шығады», – деген екен.

Сүлеймен (ғ.с.): «Балам! Әйеліңнің бойынан бір жамандық көрмейінше шамадан тыс қызғана берме. Әйтпесе, адал болса-дағы сенің кесіріңнен жаман атты болуына итермелейсің», – деген екен.

Сүлеймен (ғ.с.): «Балам! Дұшпаныңды ашуландырғың келсе, балаң мен әйеліңді дұрыс тәрбиеле», – деген екен.

Сүлеймен (ғ.с.): «Балам! Жөн білетін адаммен ақылдаспайынша шаруа жасама. Расында, осылай етсең еш өкінбейсің», – деген екен.

Сүлеймен (ғ.с.): «Балам! Алғашқы досыңа берік бол. Өйткені басқасы оған тең келмейді», – деген екен.

Ихия бин Касир риуаяты: «Дәуітұлы Сүлеймен пайғамбар өз перзентіне айтқан өсиеттерінен: «Балам! Адамдардың сөздерін бір-біріне тасудан сақ болса. Ол қылыштан да өткір (қауіпті)».

«Залым патшаны ашуландырма, ондай патша өлім періштесі сияқты».

«Балам! Күдікшіл болма. Өйткені оның пайдасы шамалы. Әрі бауырлар (жора-жолдастар) арасында дұшпандық тудырады».

«Балам! Көп ашулана беруден аулақ жүр. Ашушаңдық дархан кісінің жүрегін де құртады».

материал «Ұлы тұлғалардың ұрпағына насихаты» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: