16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Алланың өлілерді тірілтетініне дәлел

Алланың өлілерді тірілтетініне дәлел

Ғибратнама
Жарнама

Ибраһим пайғамбар Алла Тағала адамзаттың Жаратушысы және Қиямет күнi оларды қайта тiрiлтетiнiне айқын сенушi едi.

Бiрақ ол сенбегендiгiнен емес, бәлкiм, иманы тағы да күшейiп, жүрегi тынышталуы үшiн бұл дүниенiң өзiнде-ақ Алла Тағаланың өлiктердi қалай тiрiлтетiндiгiн көргiсi келдi. Раббысы оның бұл тiлегiн қабылдап, iске асырды. Алла Тағала оған төрт құсты алып, оларды сойып, майдалап, еттері мен сүйектерін араластырып биiк тауларға апарып қоюды, кейін оларды шақыруды бұйырды. Алла Ибраһимге құстарды шақырған сәтте оларға қайта жан бiтiп, ұшып келетiндерін хабарлады. Ибраһим мұның барлығын Алла Тағаланың бұйрығы бойынша орындады. Расында да, құстар Ибраһим шақырған сәтте аман-сау қайтып келдi. Мұны көрген Ибраһим Алла Тағалаға шүкiрлiк еттi. Және Оның әр нәрсеге күшi жетушi екендiгiне сенiмi бұрынғыдан да арта түсті.

Мiнеки, хикаяларда Ибраһимнiң шын пайғамбар екендігі, әкесiн тура жолға қалай насихаттағаны, мүсiндерге, жұлдыздарға табынушы қауымдарға қалай уағыз-насихат жүргізгені және Намруд патшаны қалай дағуат қылғаны әрi өлтiрiп, тiрiлтудi өз көзiмен көрiп, көз жеткiзудi қалайтындығын Алла Тағалаға айтып, сұранғандығы айтылды. Мұның барлығы Алла Тағалаға ұнайтын өте көркем тәсiлмен, жұмсақ сөздермен жүзеге асырылғанын білдік. Ендеше, бұл оқиғалардың барлығы бiздерге Ибраһим сияқты иманды, сабырлы болуды және уағыз-насихат айтудың тиімді жолын үйретерi даусыз. Әрi бұл бiзге үлкен өнеге бермек.

материал «Құран Кәрім хикаялары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: