21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Әли (р.а) мен әлдебір христиан арасында болған сауыт оқиғасы

Әли (р.а) мен әлдебір христиан арасында болған сауыт оқиғасы

Ғибратнама
Жарнама

Хакимнің Шағбиден алған риуаяты бойынша, Жамал оқиғасында Әлидің (р.а.) сауыты жоғалады.

Сауыт әлдебір христианның қолынан табылады. Өз сауытын жазбай таныған Әли христианның үстінен Шурәйхке шағымданды. Баласы Хасан мен азат құлы Қанбер куәгерлері болатын. Шурәйх: «Хасанның орнына басқа куәгер әкел», – дейді. «Хасанның куәгерлігі қабылданбайды ма?», – деп сұрағанда, қазы Шурәйх: «Иә, мен мұны сенен үйрендім. Баланың әкесіне куәгер болуы дұрыс емес деген болатынсың», – дейді.

Хакимнің басқа риуаятында былай делінген: «Шурәйх Әлиге: «Азат құлыңның куәгерлігін қабылдаймыз. Бірақ балаңның куәгерлігін қабылдамаймыз», – дейді. Әли: «Жаның шыққыр! Омардың (р.а.) «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Хасан мен Хусейн жұмақ халқы ішіндегі жастардың ең қадірлілері» дегенін риуаят еткенін естімедің бе?» – дейді. Сөйтсе де, Шурәйх христианға: «Сауытты ал, ол сенікі», – деп, үкім шығарады.

Христиан: «Мүміндердің әмірі менімен бірге мұсылмандардың қазысына барды. Қазы дауды оның пайдасына шешпеді. Ол оған ризалық білдірді. Ей, мүміндердің әмірі, уаллаһи, сен дұрыс айттың, бұл сауыт сенікі. Түйеңнен түсіп қалыпты, мен алған едім. Куәлік етемін, Алладан басқа ғибадатқа лайық тәңір жоқ, Мұхаммед Алланың расулы» дедім», – дейді.
Ол Исламға кіргеннен кейін, Әли сауытын және оған қоса жеті жүз дирхам ақша береді. Бұл адам әрдайым Әлидің қасынан бір елі қалмайтын. Кейіннен Сыффин соғысында шейіт болды».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: